Жаңа терминалдың шатырынан су ақты: Астана әуежайы сотқа жүгінді

Астана әуежайының өкілдері жаңа халықаралық терминалдың шатырынан су ағып тұрған видеоға қатысты пікір білдірді. Баспасөз қызметінің мәліметінше, әуежай мердігер компанияның үстіне сотқа арыз берген, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Журналист Михаил Козачковтың Telegramе-каналында Астананың халықаралық әуежайында шатырдан су ағып тұрған видео жарияланды.

"Астана халықаралық әуежайы қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды, сондай-ақ әуежай Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына нысанды пайдалану процесінде пайда болған шартта және жобалау-сметалық құжаттамада көзделген талаптардан ауытқумен орындалған жұмыстардың кемшіліктерін өтеусіз қалпына келтіруді жүктеу туралы талап арыз берді", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі әуе айлағы.

Сондай-ақ, әуежайдың баспасөз қызметінің өкілдері осыған дейін де шатырдың және отырғызу гейттерінде су ағуы туралы мердігерге бірнеше рет хаттар жібергенін атап өтті. Бүгінгі күнге дейін мердігер анықталған кемшіліктерді жою үшін ешқандай шара қолданған жоқ.

"Сонымен қатар, Т-1 халықаралық терминалының шатырынан су ағу себептерін анықтау мақсатында әуежай техникалық тексерулер жүргізді. Нәтижесінде, Т-1 терминалының шатырының құрамы бекітілген жобаға сәйкес келмейтіні анықталды. Бұл дерек шатырды ашу нәтижесінде анықталды", - делінген хабарламада.

Әуежай дереу қалпына келтіру жұмыстарына кірісті, өз кезегінде мердігер жақын арада кемшіліктерді жоюға міндеттелді.

Айта кетейік, Астана әуежайының жаңа терминалы 2017 жылы ашылған. Оның жалпы аумағы - 47 мың шаршы метр. Оған халықаралық жолаушылар терминалы мен VIP терминалы, алты жаңа қонатын әуекемелерінің тұрағы және төрт автобус қақпасы кіреді.