"Жәһаннам қақпасының алдында түнеу ". Неліктен туристер жалынды кратер Дарвазаға сапар шегеді?

Жарты ғасырдан бері әйгілі Қарақұм шөлінің қақ ортасында қолдан жасалған газ кратері Дарвазадан жалын атып тұрады. Туристер бұл жерге керемет әсер алуға және ерекше фотосуреттер үшін келеді, ал ғалымдар әлі күнге дейін бұл мәңгілік алаудың себептерін түсінуге тырысуда. Бұл жер неге саяхатшылар үшін қызықты екені туралы Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге баяндайды.

Мемлекеттер бірінен соң бірі туристерге шекараларын ашып жатыр. Кейбіреулер саяхатын жоспарлауға кірісті. Біз шекаралар ашылғаннан кейін баруға болатын орындардың тізіміне енетін бір ерекше жер - Түркіменстандағы Дарваза кратері туралы материалды ұсынамыз.

Дарвазаның "отты шұңқыры" 50 жыл бұрын, геологтар Қарақұмнан үлкен газ кен орнын тапқан кезде кездейсоқ пайда болды. Ғалымдар қазып, бұрғылауға кірісті, бірақ жер құлап, метан толған үлкен кратер пайда болды.

Шұңқыр тым үлкен болды, ал одан қысым түскен газ шығып, жақын маңдағы барлық тіршілікті улады. Ауаға жарылғыштар тарады. Апаттың алдын алу үшін жауапты адамдар қалған газды жағуға шешім қабылдады. Ал жақын тұрған Дарваза ауылының тұрғындарын көшіру керек болды.

Неліктен мұндай шұңқыр пайда болды деген сұраққа бірнеше болжамдар бар. Біріншіден, геологтар басқа жерді бұрғылады, екіншіден, топырақ құрылыс техникасының салмағын көтере алмады, үшіншіден, газ лавасының қатуы кезінде тау жыныстарында тесік пайда болды. Айтпақшы, бұрғылау жұмыстарына қолданылатын барлық жабдықтар: мұнай бұрғылау қондырғысы, жабдық, көліктер осы шұңқырға түсіп кетті. Қуанышқа орай, адам өлімі болған жоқ.

Кратердегі метан әлі күнге дейін жанып тұрады. Осылай Қарақұмның ортасында отты көл - Дарваза пайда болды. Бұл сөз түркімендік "дервезе" - "қақпа" деген сөзден шыққан. Жергілікті тұрғындар оны "Жер асты есігі" немесе "Жәһаннам қақпасы" деп атайды. Дарваза өзінің таңқаларлық атауына қарамастан, бүкіл әлем бойынша туристерді тартады. Бүгінгі таңда бұл көрікті жерге бару Түркіменстанның барлық туристік бағыттарына енгізілген.


© Shutterstock

Кратердің диаметрі шамамен жарты футбол алаңын құрайды (60 метр), ал тереңдігі жеті қабатты ғимаратпен (20 метр) тең. Мұнда 50 жылда бірнеше миллиард текше метр табиғи газ өртеніп кеткен деп есептеледі. Кратерден от шоқтары 10-15 метрге жоғары көтеріледі.

Қызық дерек

Дарваза газ кратері Украинадағы Припять, Бразилиядағы Жылан аралы және Антарктидадағы қан сарқырамасының қатарындағы әлемдегі ең қорқынышты орындар тізіміне кіреді.

Отты кратердің түбіне түсу

National Geographic бұл жерді әлемге алғашқы және осы уақытқа дейін жалғыз зерттеуші, канадалық саяхатшы Джордж Коронис кратердің түбіне 2013 жылы түскеннен кейін ашты. Ол үшін команда жинап, рұқсат алды. Жорыққа дайындық үшін Джордж тіпті зерттеушіні өртеп, сынайтын каскадер да жалдады.

Ғалымның негізгі міндеті топырақты зерттеу үшін үлгілер жинау болды. Коронис түбіне түсіп, зерттеу үшін топырақ жинап, одан жер бетінде тіршілік етпейтін бірегей бактерияларды тапты.


© Shutterstock

Зерттеуші қайтып оралған соң, ол жерде бейне бір мыңдаған кішкентай шамдар жанып тұрғандай, бірақ түтін көрінбейді, тек дыбыс естіледі - реактивті қозғалтқыштың гүрілін еске түсіретіндей қуатты, қатты.

"Біздің күн жүйесінің сыртында өте ыстық, метанға бай ғаламшарлар бар, Дарваза кратеріндегіге ұқсас планеталар бар. Демек, біз басқа ғаламшардағы тіршілікті жерден іздедік", - деді Джордж Коронис National Geographic-ке берген сұхбатында.

Әлеуметтік желідегі туристтердің алған әсерлері

Түркіменстандық гид Ораз Сувханов Дарвазаны танымал Instagram-локациның бірі деп атайды. Бұл жерге әдемі кадр үшін түкпір-түкпірден ұшақпен де, велосипедпен де келушілер көп.

"Бұл жерге әрине, түнде келген жөн, себебі, Дарвазаның сұлулығын тек түнде тамашалай аласыз. Түнде кратерден шыққан от айналаны жарық қылып, үстінен ұшқан құстар да көрінеді. От шоқтары биікке көтеріледі. Оны көру керек. Күндіз жақсылап іздесеңіз, ежелгі жануарлар, аммониттердің тасқа айналған қабыршақтарын тауып алуға болады", - дейді гид.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Keane ???? (@keanealexl_lf)

Мұндай суреттерге желі қолданушылары "Әй, сен жанып жатырсың!", "Бұл мүмкін емес! Сен басқа ғаламшардасың ба?", "Келесі жолы қолыңа зефир алып, отқа қақтап көрші" "Қандай әдемі!", "Оттағы от! " деген сияқты әртүрлі пікірлер қалдырады.

Кейбір туристер көлеңкелермен тәжірибе жасап, қиялға берілгенді ұнатады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Keiichiro. (@festina_lente77)

Бұл жерде суреттің сипаттамасын жазып жатудың да қажеті жоқ. Локация өзі үшін айтып тұр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?????? ????????????? (@feruza.annaberdi)

Надежда Рымкевич - Ресей тумасы, қазір Түркіменстанда тұрады. Ол Дарвазада наурыз айында болған екен, ол кратерге келу үшін қолайлы уақыт наурыз айы деп есептейді.

"Айтарлықтай жылы болды және жорғалаушы жәндіктер болған жоқ. Шетінде отқа қарап тұрғанда, кратерден шыққан жылу бойыңа тарап, керемет бір күй кешесің!

Дарваза түнде. Фото Надежда Рымкевич

Біз ол жаққа гидпен бірге бардық. Ол бізге шатырда түнеуді ұсынды. Бірақ кішкентай балалармен біз бір күнге ғана қалдық. Таңертең шығып, жол-жөнекей тағы да екі кратерді тамашаладық. Сулы және балшықты. Олар да табиғи газ іздеу барысында табылған екен.

Дарваза маңындағы су толы кратер. Фото Надежда Рымкевич

Егер бір күнге келсеңіз, қараңғы түскенше күтуіңіз керек. Дарваза әсіресе түнде ерекше әдемі! Наурызда іс жүзінде бірде-бір турист болған жоқ. Ол жерде киіз үйде немесе шатырда түнеуге болады. Олар шатырды қауіпсіз деп санайды. Қауіпті жыландар, шаяндар мен өрмекшілер жылу басталған кезде пайда болады (мамыр айында). Үлкен кесірткелер де жеткілікті. Мұндай жерлерге тезірек бару керек. Жалын баяу сөнеді. Орталық жалынның биіктігі 50 жыл бұрынғыдан екі есе төмен ", - деп бөлісті Надежда Рымкевич.

Гид бұл жер туралы не дейді?

Дарвазаға туристерді әкеліп жүрген гид Ораз Сувханов мұнда түнеген абзал дейді.

"Туристерге "уайлд-кемпинг" ұсынылады, яғни шатырда түнеу. Біз ұйықтайтын қаптармен қамтамасыз етеміз. Біреуге киіз үйде түнеу ұсынылады, бірақ бұл шұңқырдың дәл шетіндегі шатырдағыдай қызық емес. Дарвадада түнеу, жолға кеткен уақытпен 24 сағатты құрайды. Сізге түскі 12-де шығу керек, жол төрт сағатқа созылады. Ол жол талғамайтын көлік болуы керек. Қарапайым машинаның бұл жерге жетуі қиын болады.

Біз тек бір орынды ғана көрсетпейміз. Біз Дарвазаны басқа да тарихи орындармен қатар көрсетеміз. Біз Ербент ауылына апарамыз, онда жергілікті тұрғындардың өмірін және ауыл өмірінің үлгісін - қойларды қалай жаю, тағам дайындау, сексеуілді жинауды көрсетеміз. Сонымен қатар, күкіртті сутегі бар көгілдір көлді және балшық кратеріне барамыз, ол жақында аздап жана бастады - мұнда сіз көпіршіктердің дыбысын естисіз, тамаша.

Келгеннен кейін біз әрдайым туристерге қауіпсіздік туралы нұсқаулар береміз. Бұл - біз назар аударатын бірінші нәрсе. Ашхабадтан мұндай турдың бағасы 150 доллардан (64000 теңге) басталады", - дейді гид.

Қалай жетуге болады?

Дарваза кратері Ашхабадтан солтүстікке қарай 266 шақырым және Ербент ауылынан солтүстікке қарай 90 шақырым жерде орналасқан. Дарваза Түркіменстанның солтүстік-батысында Заунгуз Қарақұм шөлінде, Дашөгүз (Ташауз) және Ахал уәлаяттарының шекарасында орналасқан. Картадағы нүкте мына жерде орналасқан.

Aviata.kz саяхаттауда жауапкершілік маңызды екенін еске салады. Табиғатқа ұқыптылықпен қарайық, балаларымыз тәлім алар табиғат болсын, ал біз ертең қайта оралар жер болуы қажет. Табиғаттың "бізден кейін" қандай болатындығы біздің қолымызда.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.