Израильден 15 қазақстандық бала елге қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сыртқы істер министрлігі Израильден елге қанша қазақстандық қайтарылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сыртқы істер министрлігі Израильден елге қанша қазақстандық қайтарылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Израиль мен Палестинадағы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарының қақтығыс аймағынан шығуын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл мәселені шешу үшін Қазақстанның Израиль, Египет және Иорданиядағы елшілігі жұмылдырылды. Биыл 16 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның Израильдегі елшілігіне 100-ден аса азамат елден кетуге жәрдемдесу туралы өтініш жасады", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Смадияровтың айтуынша, олардың кейбірі қазақстандық дипломаттар көмегімен өз бетімен елден шығып үлгерген.

"Мәселен, кеше Қазақстанның Израильдегі елшілігі көмегімен 19 азаматымыздың елден ұшып шығуы ұйымдастырылды, оның ішінде арнайы бағдарламалар бойынша оқудан өтіп жатқан 15 бала бар. Азаматтардың елдің қауіпсіз кетуін қамтамасыз ету үшін дипломаттар Израильдің әртүрлі аймақтарынан балаларды тікелей әуежайға жеткізді", - деді Смадияров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная