Ираннан Қазақстанға жаңа рейс іске қосылды

© lada.kz

Ирандық Kish Air әуекомпаниясы Горган мен Ақтау арасында алғашқы рейс орындады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі IRNA басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ирандық Kish Air әуекомпаниясы Горган мен Ақтау арасында алғашқы рейс орындады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі IRNA басылымына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, Горган қаласынан ұшып шыққан алғашқы рейс 2021 жылы 1 сәуірде Ақтау қаласына қонды. 

Алғашқыда әуерейстер айына бір рет орындалады. Болашақта олардың жиілігін арттыру жоспарланады. Иран әуекомпаниясы өзінің ішкі және халықаралық рейстерінде төрт Ту-154 және бірнеше MD-80 флотымен, сондай-ақ Fokker-100 ұшақтарымен шығады.

Реклама
Реклама

Иран мен Қазақстан тарихи тұрғыда бауырластық және достық қарым-қатынаста, ал тікелей әуе қатынасы екі халықтың байланысы мен достығын нығайтудағы тағы бір қадам болады.

Статистикалық деректерге сәйкес Иранның Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мүшелерімен саудасы 2020 жылғы 20 наурыз бен 2021 жылғы 18 ақпан аралығындағы кезеңде 1,9 миллиард доллар болған. Былтырғы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіштер 9,4 пайызға төмендеді. Өткен 11 айда Иран ЕАЭО елдеріне 933 миллион доллар сомасына 2,4 миллион тонна тауар экспорттады. Бұл салмағы бойынша 17 пайызға және құны бойынша төрт пайызға аз.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная