Ираннан Ақтауға чартерлік рейстер қосу жоспарланған

Фото: inaktau

Ақтау туристік нысандарына Ираннан және Ресейден чартерлік рейстерді іске қосу жоспарланған. Жиілігі - аптасына жеті рет, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Lada.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтау туристік нысандарына Ираннан және Ресейден чартерлік рейстерді іске қосу жоспарланған. Жиілігі - аптасына жеті рет, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Былтыр жазда шетелдік туристер арасында Ақтау қаласы Қазақстандағы ең танымал бағыт болды. Өңір тарихында алғаш рет Уфа - Ақтау чартерлік рейсі іске қосылды (аптасына бір рет). Сонымен қатар, Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникациялар орталығы мәліметінше, жүйелі рейстер саны артты.

"Қазір Ақтаудың туристік нысандары мен Иран және Ресейдің ірі туроператорлары арасында чартерлік рейстерді аптасына жеті ретке дейін ұлғайту туралы келіссөздер басталды. Өз кезегінде Ақтау жаңа маусымда туристердің үлкен ағынын қабылдауға дайын. Бұл туризмнің дамуына, бүкіл өңірдің туристік қызмет салаларында қызмет көрсету сапасына әсер етеді", - делінген қоғамдық коммуникациялар орталығының хабарламасында.

Реклама
Реклама

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная