"Хромтау - Ақтөбе" автобусының жағдайы қазақстандықтардың жағасын ұстатты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде "Хромтау - Ақтөбе" бағытында жүретін автобустың жағдайы талқыланып жатыр. Желі қолданушылары жұрт күнделікті жүретін қоғамдық көліктің жағдайы мүшкіл екенін айтып жатыр.
"Салдырлаған" автобус түсірілген видеоны қазақстандық паблик редакциясына көлік жолаушысы жолдаған.
Жарияланымға қатысты көптеген пікір жазылған, қолданушылар автобустың жағдайы өте нашар дейді.
"Олар техбайқаудан өтіп, қалааралық тасымалға рұқсат алады ғой. Қағаз жүзінде олардың жағдайы стандартқа сай келеді", "Әлденені түзету үшін, әлдеқандай бір жамандық боулы керек", "Мынадай жолдан жаңа автобустың өзі бір айдан кейін жарамсыз болып қалады, жүру мүмкін емес", - дейді желі қолданушылары.
Жағдайға қатысты Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Есбол Базарғалиев пікір білдірді. Видеоға түсірілген автобус "Qala Trans"-қа тиесілі екен.
"Хромтау бағытындағы жағдай қиын. "Керуен" компаниясы 2013 жылдан бастап тасымалдаумен айналысады. Олардың барлық автобусы 1989-1990-жылдары шығарылған. 8 автобус бар. Егер күнделікті 10-12 рейс орындау қажет болса, онда олар күніне 3-6 рет жүреді.
Қиын жағдай туындағаннан кейін тамыз айында біз осы бағыт бойынша "Qala Trans" мекемесінен тағы 5 автобусты қостық", - деді ол.
Оның айтуынша, "Хромтау - Ақтөбе" бағыты бойынша жолдың жағдайын да ескеру қажет.
Айта кетейік, бұған дейін ІІМ қыс мезгілі жақындауына байланысты қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасаған болатын. Жүргізушілерге жолда жүру кезінде ауа райы мен жол жағдайларының қозғалыс режимдеріне әсерін ескеру маңызды екенін ескертілді. Қауіпсіз қашықтықты сақтау керек және жылдамдықты асырмау керек, кенеттен тежемеу керек, қиылыстарда жасыл шамға тез өтпеу керек және көлік жүргізу кезінде телефонды пайдаланбау керек.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!