Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Астана әуежайында ұсталды

Фото: Polisia.kz

Астана халықаралық әуежайында қазақстандық полицейлер Әзербайжан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген осы елдің азаматын ұстады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ер адам 2022 жылы Бакудегі әлеуметтік үйлерден пәтер алуға көмектесу сылтауымен жергілікті тұрғындардың ақшасын иемденген.

"Қаскөй Астанадан Душанбеге ұшып кетпек болған. Қазіргі уақытта ол елордалық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Еске салайық, күні кеше ІІМ Қазақстанда екі күнде іздеуде жүрген 280 қылмыскер ұсталғанын хабарлаған болатын.

Оның ішінде: кісі өлтіргені үшін - 9; денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін - 4; қарақшылық шабуылдар үшін - 5; тонау үшін - 7; есірткі қылмысы үшін - 19.

Республикадан тыс жерлерде 33 қылмыскер құрықталып, ал басқа мемлекеттердің сұрауымен 145 адам қамауға алынды.

Арменияның Ноемберян ауданының аумағында 36 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Ол қыркүйек айының соңында Петропавлда қала тұрғынына пышақ жарақатын салып, өміріне қастандық жасаған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама