Астанада зорлық-зомбылық үшін халықаралық іздеуде жүрген германиялық ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көліктегі полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Астана қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 2019 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 1960 жылы туған Германия азаматын ұстады.
Қылмыскер Германияның Қылмыстық кодексінің 177-бабында көзделген қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған.
Ол Астана Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!