"Гуджолпан", "тткоккальби" және "пибимпаб". Кореялық аспаз Нұр-Сұлтанда шеберлік сағатын өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© shutterstock © shutterstock

Нұр-Сұлтанда "Корей асханасының кеші" өтті. Корея Республикасынан арнайы келген аспаз астаналық мамандарға шеберлік көрсетті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда "Корей асханасының кеші" өтті. Корея Республикасынан арнайы келген аспаз астаналық мамандарға шеберлік көрсетті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Бас аспаз Хан Хен Док Корея Республикасының корей тағамдарын ілгерілету институтының бағдарламасы аясында 18 қазаннан бастап корей тағамдарын әзірлеу бойынша екі апталық шеберлік сағатын өткізді.

Аспаз сапарының қорытындысы ретінде "Корей асханасының кешін" ұйымдастырылып, Чосон әулеті кезінде корольдіктегі лауазымды тұлғаларға арналған ас мәзірі дайындалды.

Барлығы алты тағам ұсынылды: бидай құймақтарына оралған көкөністер мен еттің сегіз түрінен тұратын "гуджолпан" тағамы; "тткоккальби", маринадталған және қуырылған сүйектерге туралған қабырғалардан жасалған тағам; "пибимпаб", көкөністер, жұмыртқа және сиыр еті сияқты түрлі ингредиент араласқан күріш тағамы, сонымен қатар оған "кочужан" пастасы қосылған. Тоқбасар ретінде "чапсальпул" жабысқақ күріш пастасы мен бұршақ соусы бар қуырылған балдырлар ұсынылды.

Кореяның Қазақстандағы өкілетті және төтенше елшісі Ку Хон Сок қазақстандықтар арасында корей туризмі, мәдениеті, асханасы және дорамаларына қызығатындардың көп екенін атап өтті.

Шара соңында қонақтар арасында корей тағамдары бойынша викторина өтті. оған Кореяға саяхатты жақсы көретін елордалықтар мен басқа елдің дипломатиялық өкілдері белсене қатысты.

Корей мәдени орталығының директоры Ли Херан қазір COVID-19 пандемиясының салдарынан барлығы қиын жағдайға тап болғанына қарамастан, Корея Республикасы елшілігінің Корей мәдени орталығы кеш корей тағамдарын жақсы көретін қазақстандықтар үшін жылы эмоция сыйлағанын атап өтті.

"Сондай-ақ, Корея мен Қазақстан арасындағы өзара мәдени алмасу жылы қарсаңында бұл іс-шара ынтымақтастық пен мәдени алмасуды белсенді дамытудың бастауы болады, осылайша корей мәдениетіне, туризміне деген қызығушылықты арттырады деген үміттенеміз", - деді Ли Херан.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная