Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Грузияда көшеде бетперде кию міндеттелді


Грузияда азаматтарға 10 тамыздан бастап көшеде медициналық бетперде кию міндеттелді. Бұл туралы коронавируспен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі жедел штабының басшысы Георгий Гибрадзе мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Эпидемиологтар шілденің соңынан бастап жағдайдың күрт нашарлауын тіркеп отыр. Ел билігі азаматтарды келесі локдауннан аулақ болу үшін белсенді вакциналауға шақырды. 

"Кеңестің шешімімен 10 тамыздан бастап бес немесе одан да көп азамат жиналатын ашық жерде бетперде кию міндетті болады", - деді Гибрадзе брифингте.

Сондай-ақ, ол елде түнгі клубтардың жұмыс істеуіне тыйым салынғанын және мейрамханалар түн ортасынан таңғы беске дейін жабылғанын еске салды.

Пандемия басталғаннан бері Грузияда 450 мыңнан астам жағдай тіркелді, 6000-нан аса адам қайтыс болды.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Шетелде 4 мың қазақстандық турист қалды Шетелде 4 мың қазақстандық турист қалды
Пхукетте қалып қойған қазақстандықтар Шымкентке жеткізіледі Пхукетте қалып қойған қазақстандықтар Шымкентке жеткізіледі
Қазақстандық туристер Мальдив пен Шри-Ланкадан Нұр-Сұлтанға жеткізілді Қазақстандық туристер Мальдив пен Шри-Ланкадан Нұр-Сұлтанға жеткізілді