Грекияда туристер мінген яхта суға кетті

12 тамызда 17 жолаушысы және капитаны бар туристік қайық Эгей теңізінде суға кетті. 

Яхта бортындағы туристердің барлығы суда қалған. Адамдарды жағажай күзетінің қызметкерлері құтқарған. Олардан бөлек оқиға орнына жақын маңдағы балықшылар қайығы жеткен, сонымен қатар Грекияның екі ведомствосының екі тікұшағы жұмылдырылған. 

Жергілікті порт әкімшілігінің мәліметінше, яхта жағалаудан 16 мильде Милостан солтүстік-батысқа қарай, Антимилос пен Фальконера аралдарының арасында суға кеткен. Бұл аймақта желдің екпіні Бофорта шкаласы бойынша 4-5 балл болған, яғн и шағын толқындар болған. 

Жағалай күзетінің өкілі Никос Коккаластың айтуынша, суға кеткен қайықтың ұзындығы 30 метр болған және онда британ туы ілінген. Су кемесі Милостан30 шақырым ұзағанда экипаж апат туралы сигнал берген. SKAI  телеарнасы жағалау күзетінен алған мәліметке сәйкес бортта болған адамдардың барлығы Грекия азаматтары екен.