Грекия Ираклионына Нұр-Сұлтан мен Алматыдан рейс ашылады

1 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Ираклионға тікелей рейстер ашылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі. 

"Рейстер дүйсенбі және сәрсенбі күндері Нұр-Сұлтаннан, сейсенбі және бейсенбі күндері Алматыдан Airbus A321LR авиалайнерінде орындалатын болады. Нұр-Сұлтан мен Алматыдан тағы бір қосымша жиілікті енгізу мәселесі пысықталып жатыр", - делінген Air Astana әуе компаниясының хабарламасында.

Рейстің ұзақтығы Нұр-Сұлтан қаласынан 6 сағат 25 минут, кері 5 сағат 35 минут, Алматыдан 6 сағат 45 минут, кері 5 сағат 55 минутты құрайды.

Экономкласс билетінің төменгі құны Алматыдан екі жаққа да, сервистік билеттен басқа барлық алым 308 690 теңгені, Нұр-Сұлтаннан 307 705 теңге болады. 

Грекияға сапар шегу үшін қазақстандықтарға грек Шенген визасын алу талап етіледі. Сонымен қатар, Грекияға баратын жолаушылар болжамды келу уақытынан 72 сағат бұрын жасалған ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы немесе болжамды келу уақытынан 24 сағат бұрын жасалған жедел коронавирус сынағын ұсынуы керек. Бұл талап 5 жасқа дейінгі балаларға және толық вакцина алған жолаушыларға қолданылмайды. Жолаушылар ұшып келгеннен кейін таңдаулы түрде коронавирусты анықтайтын тест тапсыруы мүмкін. 

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!