Газа секторындағы қазақстандық әйелдің қазасы: оқиғаның мән-жайы айтылды

facebook.com/TarekAlian. Суретте қаза тапқан қазақстандық әйел мен оның қызы

Газа секторының тұрғыны зымыран шабуылынан қаза тапқан қазақстандық әйел туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Газа секторының тұрғыны зымыран шабуылынан қаза тапқан қазақстандық әйел туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Газа секторында тұратын палестиналық журналист Тарек Альян 22 қазанда қайтыс болған қазақстандық әйелімен таныс болған. Әйелдің есімі Юлия, ол Қазақстанның тумасы. 90-жылдары ол жергілікті тұрғынға тұрмысқа шығып, Газа секторына көшіп барған. Оның ата-анасы Ресейде тұрады. Қазақстандық әйелдің төрт баласы, екі ұлы, екі қызы бар. Үлкен қызы тұрмысқа шығып, шетелде тұрады, ал кішісі жақын арада тұрмысқа шығуды жоспарлап жүрген.

"Екі күн бұрын олар тұратын Газа секторы орталығындағы Дейр-эль-Балах қаласына израильдік әуекүштерінің көптеген шабуылдары жасалды. Зымырандардың бірі олардың үйіне түсті, онда Юлияның күйеуінің туыстары болған, барлығы әйелдер мен балалар. Біздің әдет-ғұрып бойынша ер адамдар мен әйелдер бөлек отырады, ол кезде үйде тек әйелдер болған. Юлия мен оның кіші қызы Линаны қосқанда барлығы 18 адам қаза тапты. Олардың денелері үйінді астынан шығарылды", - деді Тарек Алян.

Реклама
Реклама

Видео кадры

Еске салайық, бұған дейін СІМ Қазақстан азаматы мен оның 23 жастағы қызы қаза болғанын растаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная