Гавайға ұшқан барлық жолаушыларға ерекше сыйлық берілді

Southwest Airlines әуекомпаниясы Калифорнияның Логн-Бич қаласынан Гавайға ұшқан рейстің әр жолаушысына укулеле - кішігірім гитара берген. Мұндай шара жолаушылардың өздерін еркін сезініп, АҚШ-ың курорттық штатының рухын сезіну үшін істелген. Алайда туристердің реакциясы ойлағандай болмады. 

The Sun газетінің мәліметінше, тасымалдаушы Twitter желісінде Гавайға ұшып бара жатқан жолаушылардың суретін жариялады. Онда барлығы гавайлық гитараны ұстап түскен. 

Компанияның мұндай қадамға баруына Guitar Center ұйымы әсер еткен, олардың айтуынша бұл аспапта небары 20 минутта ойнап үйренуге болады. Лоукостер осыны өз жолаушыларында тексеруді көздеген. 

Сурет: twitter.com/SouthwestAir

"Біз Guitarcente ұйымымен бірге рейсті таңғалдыру үшін Лонг-Бичтен Гавайға жеткенше үйретушінің гитарада ойнау сабақтарын өткізген. Олар Гонолулуға жеткенде кәсіпқой болды", - делінген хабарламада. 

Жолаушылардың қуанышы түсірілген сурет Желіде 9 мыңнан аса лайк жинаған. Көбісі қуаныштарын жасырмаған. Осы рейсте болмаған бір жолаушы: "Әділетсіз. Мен бір рейспен Лонг-Бичтен Гонолулуға алты рет ұштым, ондай құнды ештеңе алған емеспін", - деп жазды. 

Сондай-ақ, Twitter желісінде мұндай шара кейбір адамдарға ұнамауы мүмкін екені айтылды. Өйткені әрқайсысы гитара ұстаған жолаушылар бір уақытта ойнаған кезде не болатынын өзіңіз ойлап көріңіз. "Маған парашют беріңіз, осы жерден түсіп қаламын", - деуші едім дегендер де болды.