Air Astana компаниялар тобы Ресейге кейбір рейсін тоқтатты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Тасымалдаушының мәліметінше, "Эйр Астана" компаниялар тобы өндірістік себептерге байланысты Қазақстаннан Ресей Федерациясының қалаларына ұшатын бірқатар рейсті уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.
"Қазір Алматыдан және Нұрсұлтан Назарбаевтан Мәскеуге бағыт бойынша рейстер орындалып жатыр. "Эйр Астана" өндірістік мәселелерді тез арада шешуге бар күшін салады. Сәтті болған жағдайда" Эйр Астана" мен FlyArystan келесі аптаның басында Ресей қалаларына ұшуды жалғастырады", - деп хабарлады компания.
Еске салайық, басқа екі қазақстандық әуекомпания Ресейге рейстерді жалғастыруға уәде берді.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!