Эйр Астана Еуропа елдеріне ұшатын жолаушыларға кіру ережелерін еске салды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Тасымалдаушы авиакомпания өкілдері атап өткендей, бүкіл әлемдегі пандемияға байланысты Германия, Нидерланды немесе Ұлыбританияға Қазақстан азаматтарына отбасы мүшелеріне баруға тек ерекше жағдайларда (босану, үйлену тойлары, жерлеу рәсімдері, ауыр науқасқа көмек) және тек тікелей туыстарына яғни, жұбайы, кәмелетке толмаған балалары немесе кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарына ғана рұқсат етілетінін жеткізді.
"Қалған жағдайларда отбасы мүшелеріне, сондай-ақ туристерге бұл елдерге кіруге тыйым салынады. Қазақстан азаматтарының келуі туралы соңғы шешімді тағайындалған елдің көші-қон билігі шығарады", - деп қорытындылады "Эйр Астана".
Айта кетейік, 17 тамыздан бастап Қазақстаннан Біріккен Араб Әмірліктері, Беларусь Республикасы, Германия, Нидерланды, Египет, Украина және Ресей Федерациясына рейстер рұқсат етілген. Сонымен қатар, Ресейге ұшу үшін екі елдің авиациялық билігінің қосымша келісімі қажет.