Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті туристік бағыттар бойынша қай жолдар көктемге дейін жабылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті 27 қарашадан бастап келесі жылдың 31 наурызына дейінгі кезеңде Талғар және Еңбекшіқазақ ауданының таулы жерлерінде қар көшкіні қаупіне байланысты мынадай бағыттардағы автожолдар жабылғанын хабарлайды:
- облыстық маңызы бар автожолы "Есік қаласы – Есік көлі" 7-ден 15 шақырымға дейін;
- "Түрген-Батан Асы обсерваториясы" 15-тен 41 шақырымға дейін;
- облыстық маңызы бар "Талғар қаласы – Спутник лагері" автожолы 6-дан 11 шақырмға дейін.
Реклама
Реклама
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!