27 маусым 2024 17:01

Ерлан Көкеевтің гитарасының жоғалуы: оқиға қалай аяқталды?

видео кадры

Әуежайда гитарасы жоғалып кеткен музыкант Ерлан Көкеевтің оқиғасы сәтті аяқталды. Ол Instagram-парақшасында аспабы табылғанын айтып, видео жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әуежайда гитарасы жоғалып кеткен музыкант Ерлан Көкеевтің оқиғасы сәтті аяқталды. Ол Instagram-парақшасында аспабы табылғанын айтып, видео жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Жарияланған видеода музыкант гитарасын Александр есімді азаматтың көмегімен қайтарып алғанын айтқан.

"Ал, қымбатты достар. Менің гитарам және Air Astana-мен болған оқиға аяқталуға жақын. Міне, бір адам келді, оның есімі Александр. Ол аспапты әкеліп берді. Бұл қалай болғанын айтып беріңізші", - деп сұрады Ерлан видеода.

Реклама
Реклама

Александр түсініспеушілік болғанын айтты. Ерлан Көкеевтің гитарасын сол рейспен келген басқа жолаушылар алып кеткен. Арасында Александр да болған жолаушылар тобы гитараны өздерінің аспабына ұқсайтындықтан, шатастырып алып кеткен.

"Шын мәнінде, бұл құралды әуекомпаниядан адамдар алып, менімен бірге жүрген адамдардан беріп жіберген. Онда тағы бір гитара болған, олар көп адам бірікен топ болған, он екі - он бес адам, олар қателесіп басқа біреудің гитарасын алып кеткен, өзіміздікі деп ойлаған. Міне, осындай оқиға. Ең бастысы, ол сізге келді", - деп түсіндірді ол.

Еске салайық, бұған дейін Ерлан Көкеев Instagram-парақшасында аспабы жоғалғаны туралы жазба жариялаған болатын.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!


Читайте также
Реклама
Реклама