Ересектер тек "көзбояушылық" үшін балаларымен баратын әлемдегі 10 леголенд

Lego - әлемдегі балаларға арналған ең танымал құрылыс ойыншықтарының бірі. Бұл балаларға арналған тамаша сыйлық, ол тек көңіл көтеруге ғана емес, сонымен бірге уақытты қызықты өткізуге көмектеседі. Осы ойыншыққа деген құмарлық кейбір адамда өмір бойы қалады. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге ата-аналар балаларын тек "көзбояушылық" үшін ертіп жүретін әйгілі леголендтер туралы баяндайды.

Lego ойыншықтар сериясын білмейтіндер үшін қысқаша түсініктеме. Lego сөзі даттың Leg-godt - "жақсы ойна" деген сөзінен шыққан. Бұл әртүрлі нысандарды құрастыруға және модельдеуге арналған бөліктерден тұратын конструктор (негізінен үстіңгі жағында дөңгелек дөңес және төменгі жағында ойықтары бар жалпақ текшелерден тұрады). Мұндай қарапайым ойыншық түрімен әр түрлі көлік құралдарын, ғимараттар, тіпті бүкіл бір қала құрастырып шығаруға болады. Құрылғаннан кейін бөлшектеуге және бөлшектерден басқа да нысандар жасауға болады. Тек қиялыңызға ерік берсеңіз болды.


Фото ©Shutterstock

Пластикалық кірпіштер өндіру 1949 жылы басталды, ал компанияның өзі оған дейін 17 жыл бұрын, 1932 жылы құрылды. Оның негізін ағаш ұстасы мен ағаш шебері бригадирі Дейн Оле Кирк Кристиансен қалаған. Сол жылдары компания тұрмыстық заттарды шығарумен айналысқан: үтіктеу тақтасы, баспалдақ. Компанияның ісі құлдырай бастағанда, ол және оның бес қызметкері балалардың ойлап табуы мен шығармашылық қабілеттерін дамытатын ағаш ойыншықтар жасауды шешеді. Айтпақшы, Оле Кирк өзі сол кезде төрт ұлдың әкесі болған. Кейін оның зауыты өртеніп кетеді, бірақ оның орнына кәсіпкер жаңасын салады, ал 40-шы жылдардың ортасына қарай компания өндірісті кеңейтіп, пластикалық ойыншықтарды шығара бастайды.

Қызық дерек

1949 жылы құрылғаннан бері LEGO элементтері барлық нұсқаларында біріне-бірі үйлесімді болып қала береді. Мысалы, 1958 жылы жасалған элементтер жылдар бойы дизайн мен форманың түбегейлі өзгеруіне қарамастан, бүгінгі күні шығарылған түрлерімен үйлеседі.


Видео Youtube/The LEGO Group

LEGO қазір фильмдер мен бейне ойындар жасайтын ірі корпорацияға айналған, бірақ әлі де отбасылық бизнес болып табылады.

Енді біз құрылыс жиынтығы өндірушісінің өмірімен танысқаннан кейін, LEGO-ның ең үлкен жетістіктерінің біріне көшейік, ол - әр түрлі тақырыптағы ондаған аттракциондары бар, сәбилерге арналған ойын-сауықтан бастап технологиялық аймақтарға дейін, отбасылық аквасаябақтар мен ботаникалық бақтары бар ірі саябақтар.

Олардың тарихы өте қарапайым: Данияның Биллунд қаласындағы LEGO зауытына жыл сайын компания өнімдеріне қызығушылық танытатын 20 мыңға дейін қонақ келеді. 1968 жылы олар үшін бірінші Леголенд ашу туралы шешім қабылданды. Ол бірден танымал болып, бірінші жылы саябаққа 625 мың адам келді. Содан бері бүкіл әлем бойынша он леголендке келушілер саны 15 миллионнан асты.

Кез келген Леголендтың басты ерекшелігі - сәбилермен де, ата-аналармен де келуге болатын және барлығы көңіл көтере алатындай мүмкіндік.

Ескере кетсеңіз, әр саябаққа кіру үшін ПТР-тестінің теріс нәтижесі немесе ковид төлқұжаты қажет болуы мүмкін, сонымен қатар, ковидқа қарсы санитарлық шараларды қатаң сақтау міндеттеледі. Леголендтерге кіру шарттары елге, не қалаға байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Сондай-ақ, келмес бұрын, әр түрлі аудандары мен көрікті жерлеріне кіру шарттарымен танысуды ұсынамыз. Әр саябаққа жеке сілтеме қалдырамыз.

Дубай

Сонымен Дубайдағы ең жаңа Леголендтен бастаймыз, әсіресе қазақстандықтар ол жаққа оңай жете алады. Ол 2016 жылы ашылды. Бұл саябаққа келген қонақтар отбасылық демалыс үшін ең жақсы орын екенін атап өтеді. Адреналин көлемі аз (тек екі американдық сырғанақ бар). Бұл барлық Леголендтердің ерекшелігі - олар шығармашылыққа және азды-көпті тыныш ойындарға арналған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от LEGOLAND Dubai (@legolanddubai)

Сонымен қатар, Dubai Parks and Resorts аумағында тақырыптық аквасаябақ бар. Егер текшелердің қызығы аз болса, онда 58 метрлік Motiongate мұнарасы бар экстремалды ойын-сауық саябағы мен Bollywood саябағының 4D аттракциондарында үнді фильмдерінің әлемі бар. Бір қызығы, Дубайдағы Леголенд жыл бойы жұмыс істейді. Сіз бағаларымен мына жерден, ал саябаққа кіру шарттарымен мына жерден таныса аласыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от LEGOLAND Dubai (@legolanddubai)

Калифорния

Калифорниялық Леголенд - саябақтардың пайда болу хронологиясы бойынша үшінші саябақ. Ол 1999 жылы 20 наурызда Карлсбад қаласында ашылды. 50 гектар жерге 60 аттракцион орнатылған. Шағын пойыз саябақ арқылы өтеді, жылдамдықпен жүргісі келетіндерге арналған өзен бар, ал шынайы экстремалды әуесқойлар үшін саябақтың бүкіл аумағында ілулі тұрған аспалы жол бар. Бұл Леголенд 2007 жылға дейін шығарылған "Аквазона" конструкторлар сериясымен және жақында ашылған "ЛЕГО Фильм" локациясымен танымал. Aquazone Wave Racers деп аталатын аттракцион бар, онда сіз өзіңізді су асты скутерде акванавттай сезініп, мультфильмдер түсірілетін декорациялардың аарсында "Лего Фильм" қалашығын аралай аласыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от LEGOLAND California (@legolandcalifornia)

Sea Life аквариумына, аквапарк сияқты, кіру үшін бөлек билет алу қажет. Сол арқылы атбалықтарды, сайқымазақ-балық, жайынбалық, акула және сегізаяқтарды тамашалауға болады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от LEGOLAND California (@legolandcalifornia)

Леголенд пен аквариум жыл бойы ашық тұрады, ал аквапарк наурыз айының ортасынан тамызға дейін ашық, содан кейін тек демалыс күндері жұмыс істейді. Билеттер бағасымен мына жерден, саябаққа бару шарттарымен мына жерден таныса аласыз.

Флорида
Тағы бір американдық Леголенд Флоридада орналасқан. Ол бұрынғы "Сайприс-Гарденс" ботаникалық бақтарында 2011 жылдың қазанында ашылды. Мұнда төртжұлдызды қонақүй, аквапарк және көптеген аттракциондар бар. Кіре берісте картаны алу немесе смартфонға ресми қосымшаны алдын ала жүктеп алу ұсынылады: жоспарсыз келсеңіз бұрынғы ботаникалық бақтың аумағында адасып кету қаупі бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от LEGOLAND Florida Resort (@legolandflorida)

Бір қызығы, Леголенд өзінің әйгілі "әріптесі" Диснейуорлдтың жанында орналасқан - Уолт Диснейден әлемдегі ең үлкен ойын-сауық патшалығы, төрт тақырыптық саябақ пен екі аквасаябақтан тұрады. Орландо маңында Universal Studios Голливуд киностудиясының екі саябағы мен бір аквасаябағы бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от LEGOLAND Florida Resort (@legolandflorida)

Флоридадағы Леголенд қыркүйек пен желтоқсан аралығында сейсенбі мен сәрсенбіден басқа күндері жыл бойы ашық болады. Билеттер бағасымен мына жерден, саябаққа бару шарттарымен мына жерден таныса аласыз.

Еске сала кетсек, туристерге Германия мен Ұлыбританияға Шенген визасын беру уақытша тоқтатылғандықтан әзірге бару қиынға соғады.

Германия

Германиядағы Леголенд 2002 жылы 17 мамырда 2000 тұрғыны бар шағын Гюнцбург қаласында ашылды. Ол Штутгарт пен Мюнхеннің арасында орналасқан. 140 гектарлық алаң трамваймен жүруді немесе өзен бойымен каноэде серуендеуді ұсынады. Бұл Леголендке барғандар аттракциондарда серуендеп, барлық қызықты жерлерін аралауға бір-екі күн жеткілікті болады деп сендіреді. Үлкендеу балалармен бүкіл саябақтың панорамалық көрінісі бар 43 метрлік бақылау мұнарасы, айна лабиринті және блоктардан жасалған әйгілі футболшылардың фигуралары орналасқан галереясы бар Imagination аймағына міндетті түрде бару қажет.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Julia James (@adastrajulia)

Сонымен қатар, бұл жерде "Миниленд" деп аталатын 1:20 масштабындағы әйгілі архитектуралық ғимараттардың миниатюралары орналасқан аймақ бар. Мысалы, құрылысы шамамен бес мың тонна Зальцбург мәрмәрі мен 400 000 кірпіштен тұратын Нойшванштайн қамалы, оның құрылысына осы шамада 300 000 дана ойыншық кірпіштерден және алты адамның алты айлық жұмысынан тұрады. Сондай-ақ, миллион кірпіштен құралған Allianz Arena. Стадион үшін арнайы жартылай мөлдір текшелерден жасалған.

5000 светодиодты жарықтандырудың арқасында Lego-стадион неміс стадионының үлкен түпнұсқасы сияқты әр түрлі түстермен боялған. Міне, ғажап, миниатюралары бар стендтер интерактивті, ал арнайы стендтің түймесін бассаңыз, "Миниленд-ке" жан біткендей болады.

Қызық дерек

Айта кетсек, барлық Леголендтегі аттракциондар ішінара қайталанады, бірақ "Миниленд" әрқашан ерекше. Сонымен қатар, миниатюралық қалалардың әрқайсысында пойыздар мен вагондар жүреді, пароходтар жүзеді, кішкентай адамдар серуендеп, мейрамханаларда тамақтанады. Сонымен, немістің "Минилендінде" сарай мен стадионнан басқа Берлин, Франкфурт және Венецияның шағын қалаларын көруге болады.

Есіңізде болсын, немістік Леголенд сәуір айының басында ашылады және маусымды қарашаның басында аяқтайды. Билеттердің бағасын және саябаққа бару шарттарын мына жерден білуге болады.

Ұлыбритания

Виндзордағы Леголенд - бұл осы сериядағы алғашқы тақырыптық саябақтардың бірі. Ол Биллунндағы бірінші саябақтан кейін (төменде толығырақ) және аумағы бойынша төрт есе үлкен жерде ашылды. Бұл әлі де әлемдегі ең үлкен Леголенд. Онда шынымен серуендеуге болатын жерлер бар: саябақта он екі тақырыптық аймақ бар. Егер сіздің кішкентай қыздарыңыз болса, онда сіз Lego Friends сериясындағы "Хартлейк Сити" стилінде орналасқан жерден араламай өтуіңіз екіталай.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от LEGOLAND Windsor Resort (@legolandwindsor)

Британдық Леголенд 1996 жылы наурызда Виндзорда бұрынғы сафари саябағының орнында ашылды. Ол Лондоннан 43 шақырым жерде орналасқан, сондықтан оны жиі Лондон Леголенд деп атайды, бірақ бқлай атау біраз дұрыс емес.

Қызық дерек

Егер сіз халықаралық мерекелік іс-шаралар уақытында Леголендке келсеңіз, саябақтардың мерекеге сай безендірілуін тамашалай аласыз. Мысалы, Хэллоуинде лего-өрмекшілер жорғалап, әуеде лего-мыстандардың ұшып жүргенін көре аласыз, ал Қытай жаңа жылында лего-ададардың айдаһар мен арыстан билерін билеп жүргенін тамашалай аласыз.

Леголенд наурыздың ортасынан қарашаның басына дейін және желтоқсанның кейбір атаулы күндерінде жұмыс істейді. Қыста саябақ Германиядағыдай жабылады. Билеттер бағасымен мына жерден, саябаққа бару шарттарымен мына жерден таныса аласыз.

Қазақстандықтарға бұл елдерге баруға әлі рұқсат жоқ. Бірақ біз бұл бағыттар жақын арада қолжетімді болады деп үміттенеміз, сондықтан қалған Леголендтер туралы айтпай кетуге болмайды.

Мысалы, камбоджалық Ангкор-Ватт, Малайзия әуежайы мен "Жұлдызды соғыстан" миниатюралар құрастырған малайзиялық Леголенд. Одан кейін жапондық Леголенд - барлық саябақтардың ішіндегі ең жаңасы. Мұнда технологиялық роботтардан басқа LEGO Mindstorms, Нагой сарайы, Токио, Киемидзу-дэра, Фудзияма, Киото және Жапониядағы басқа да көрнекті орындар бар қала құрастырылды. Соңында дизайнердің туған жері Даниядағы бірінші Леголенд. Бұл саябақтың атмосферасын әуежайдан-ақ сезіне бастайсыз. Мұнда Polar Land аймағы бар: ол Lego City Arctic-ке арналған, ал аквариум ішінде нағыз пингвиндер бар. Сондай-ақ, бірегей интерактивті Lego House мұражайы бар.

Қорытындылай келе, конструктордың бір бөлшегін байқамай басып кетіп, аяғын оңбай ауыртып алғандарға арналған жағымды жаңалықпен бөлісеміз. Міне, мұнда компания атынан ресми түрде кешірім өтіну мен кішігірім лайфхак, қалай мұндайдан аулақ болу қажет.


Видео Youtube/TheAdminFacebook

Ал сізде мұндай конструктор болды ма? Ерекше естеліктеріңізбен бөлісіп, пікір қалдыра кетіңіз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.