Ер адам Алматы тауларында әсерлі селфи түсірді

Алматылық Шухрат Имамниязов тауға шыққан кезде сирек кездесетін шуақты қоралану немес галоның куәсі болды. Ол күннің қоралануын көріп қана қоймай, оның фонында суретке түсті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Реклама
Реклама

Шухрат Имамниязовтың айтуынша, ол Букреев шыңына (Іле Алатауының шыңдарының бірі) көтерілген кезде суретке түсірген. Тауға таңғы сегізден шыққан.

"Орман асуы арқылы көтеріліп, Букреевке қарай бет алдым. Шыңға бір шақырым қалғанда осындай әсерді байқадым, менің басымда гало пайда болған сияқты", - дейді алматылық.

Оның айтуынша, әсер күндізгі екіге дейін созылып, содан кейін аспан толық ашылған.

Тау жорықтарын сүйетін ер адам бұл құбылысты үш рет байқаған, сонымен қатар аймен де осыған ұқсас әсерді көрген. Алайда, бұл сәт камераға бірінші рет түсірілді.

Қоралану немесе Гало деп те аталады. Күн және Ай секілді жұлдыздық нысандардың айналасында пайда болатын, пішіні алқаға (не дискке) ұқсайтын айқын көрінетін жарық жолағы болып, ол - жарықтың бұлттағы мұз кристалдарынан сынуы және шағылуы нәтижесінде пайда болатын атмосфералық-оптикалық құбылыс. Ол көбінесе сақина пішінді, доға, жарық діңгегі, нұрлы дақ секілді пішіндерде болып, күнді, не айды қоршап тұрады. Ол қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көк, көгілдір, күлгін секілді 7 түрлі түстің қабаттасуы болып көрінуі мүмкін.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!