Емдік балшығы Өлі теңізден кем түспейтін Жалаңашкөл. Аталмыш көл туристерді несімен қызықтырады?

Жыл сайын мыңдаған қазақстандықтар Алакөл аумағына күнге қыздырынуға, тұзды суға шомылып, денсаулықтарын нығайтуға келеді. Бірақ республиканың көптеген сазбен емдейтін орындарына тасымалданатын емдік балшығы бар көлдің барын екінің біле бермейді. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Таяу Шығыстың емдік курорттарынан кем түспейтін Жалаңашкөл туралы баяндайды.

Бұл тұзды көл жоңғар қақпасының солтүстік-батыс бөлігінде және Алакөл көлінің маңында орналасқан.

Фото tapkali.livejournal.com

Жалаңашкөл Алакөл, Сассыкөл және Қошқаркөл көлдерімен бірге Алакөл көл жүйесін құрайды. Алакөл қорығының құрамына кіреді. Көл таяз, оның орташа тереңдігі үш метрден аспайды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ 1998 жылы құрылған және ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне қосылған. Мұнда ежелгі көшпенділер табынған бірегей туранга ағашы өседі. Ол 30 метр тереңдікте жер асты суларына жетіп, ең қатал табиғи жағдайда тіршілік етуге қабілетті. Ағаш Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

© Shutterstock

1969 жылы Жалаңашкөл кеңестік және қытайлық шекарашылар арасындағы қақтығыстың орнына айналды, ол екі үлкен держава - Қытай мен КСРО арасындағы әскери қақтығыспен аяқтала жаздады. Бұл сол жылы Қиыр Шығыстағы Даманский аралында болған шайқастан кейінгі екі ел арасындағы ең ірі қарулы қақтығыс болды. Оның себептері аумақтық даулар болды.

1969 жылы тамызда қытайлық әскери қызметшілер Жоңғар қақпасының айналасында бірнеше жердеН Қазақ КСРО-ы арқылы мемлекеттік шекарадан өтуге әрекет жасады. Кеңес өкіметі олармен келіссөз жүргізуге тырысты. Алайда ешқандай жауап келмеді, КСРО шекара әскерлері жоғары дайындық тәртібіне ауысты. Қарулы қақтығыстың нәтижесінде екі жақтан да сарбаздар қаза тапты, екі ел дағдарысты шешу және қайта қаруланған шекаралық қақтығыстардың алдын алу үшін келісім жасасуға мәжбүр болды.

Фото ©Shutterstock

Жалаңашкөлде күкіртсутекті минералданған балшық көзі бар. Қара балшық - буындар мен сүйектерге, ал сұр - косметикалық, теріге және тері ауруларын емдеуге арналған. Атап айтқанда, адамдар мұнда нейродермит пен псориазбен келеді, басынан аяғына дейін балшық жағады және пайдалану үшін өздерімен алып кетеді. Қазақстандық ғалым Еркін Тоқпановтың «Жаланашкөл көлінің гидроминералдық рекреациялық ресурстары» атты ғылыми мақаласына сәйкес Жалаңашкөл суының құрамында Менделеев кестесінің 13 химиялық элементі бар. Олардың ішінде натрий, магний, кальций басым, ал емдік балшық - суда еріген барлық минералдардың концентраты. Алакөлдегі күкіртсутекті балшық емдік болып табылады, Жалаңашкөлде оның концентрациясы әлдеқайда жоғары.

Қазақстандық ғалым Тоқпанов емдік балшықтың құрамында бишофит минералы бар екенін де анықтады. Ол сыртқа жағуға қолданылады және қабынуға қарсы, жараларды емдейтін және анальгетикалық әсерге ие. Бишофит тірек-қимыл аппараты ауруларында (артроз, ревматоидты артрит, радикулит кезінде), дерматологияда, жүрек-қантамыр жүйесі ауруларын емдеуде қолданылады. Бір қызығы, көлдің батыс бөлігіндегі су мен балшық шығысқа қарағанда кальций мен натрий сияқты минералдарға қаныққан.

Балшық рапа немесе рассол деп аталады. Балшықтың концентрациясы мен құрамы ауа райы жағдайына және маусымға байланысты өзгереді. Балшықтың минералдануы литріне 300-350 граммға жетуі мүмкін. Салыстыру үшін, Өлі теңіздегі тұздың концентрациясы (Жердегі ең тұзды су қоймаларының бірі) бір литрге 337 граммды құрайды, бұл тұздылығы қарапайым теңіз суының тұздылығынан 10 есе көп.

© Shutterstock

Есіңізде болсын, балшықпен емделуден бұрын дәрігермен кеңесуіңіз керек – күкіртсутекті балшық, мысалы, су сияқты, кейбіреулер үшін ем болса, ал кейбіреулеріне зиян келтіруі мүмкін. Бірақ дәстүрлі медицинаның күшіне сенетін демалушылар балшықты бүкіл денесіне, тіпті бетіне қарқынды түрде жағады. Бір-біріңізге балшық жағып, күнге күйіп, құрғамай тұрған кезде күлкілі суреттер түсіріп, содан кейін бар дертіңізді қуана-қуана жуып тастаған, әрине, қызық. Мұндай ойын-сауықты ересектер де, балалар да жақсы көреді.

Фото @yvision.kz/u/Superkurt

Қызық дерек

Ерлер Алакөл суымен емдеуден көбірек пайда алады деп есептеледі екен. Ал әйелдер үшін емдік балшықпен Жалаңашкөлде емделген қолайлы. Көлдің Алакөлге жақын жерде орналасқаны ыңғайлы. Жалаңашкөл әйелдерді бедеуліктен сумен және балшықпен емдейді, стрессті жеңілдетеді, психикалық күшті қалпына келтіреді, теріні жұмсақ және серпімді етеді.

Фото ©Shutterstock

Қалай жетуге болады: әдетте бұл көлге адамдар Алакөлдегі демалыс орталықтарынан келеді, өйткені Жалаңашкөл Алакөлдегі Ақши ауылынан небәрі 65 шақырым жерде орналасқан. Жалаңашкөлдің солтүстік-шығыс жағалауында осы аттас шағын теміржол вокзалы бар, ол арқылы Қазақстанды Қытаймен байланыстыратын Ақтоғай - Достық - Үрімжі теміржолы өтеді.

Қолайлы уақыт: жаз айлары қыркүйекке дейін, ең жақсы маусымы - шілде айының ортасы - тамыздың басы.

Қорытындылай келе, біз коронавирустық пандемия жақында аяқталады және шекаралары қайтадан ашылады деп үміттенеміз.

Саяхаттау - ол да бір жауапкершілік екенін Авиата еске салады. Кейінгі ұрпақтың салауатты өмірі үшін және қайтар жолымыздың тазалығы үшін табиғатты барынша аялайық.

Табиғаттың ертең қандай болары біздің қолымызда. Бастаманы қолдау үшін өзіңіздің "саналы" саяхаттарыңыздан #jasylbolsyn Авиата хэштегімен фотосуреттер мен бейне-видеоларды жүктеуге болады.