Еліне қайтатын қазақстандықтарды ПТР-анықтамасыз рейске жібермейді

Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов ПТР-тест анықтамалары туралы жаңа мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі. 

"26 қазаннан бастап барлық жолаушылар, оның ішінде Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен келетін Қазақстан азаматтары мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәтте 72 сағаттан ерте емес іріктелген ПТР әдісімен COVID-19 тестінен өткені туралы анықтамасы болуы тиіс (яғни, Қазақстан әуежайына келгеннен кейін анализ тапсырған сәттен бастап кемінде 72 сағат өтуі тиіс - автордың түсіндіруі). Айта кетейік, бес жасқа дейінгі балалар ПТР анализі анықтамасынан босатылады. 2020 жылдың 26 қазанынан бастап біздің азаматтар ПТР анализін тапсыру үшін екі күндік карантинге жіберілмейді. Осыған байланысты шетелге ұшуды жоспарлаған немесе қазір шетелде жүрген қазақстандықтар бұл талаптарды ескеруі тиіс", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Шетелде ПТР-тест тапсыруға арналған зертханалар туралы мына жерде танысуға болады.

Сондай-ақ, Қазақстаннан ұшқан кезде ПТР-тест тапсыру нюанстарын атап өткен жөн.

Түркия

Ұшу алдында - талап етілмейді

Келген кезде - талап етілмейді

Мысыр

Ұшар алдында - 2020 жылы 1 қыркүйектен бастап елге кіру үшін келгендердің барлығына ұшуға дейін 72 сағаттан кешіктірмей жасалған ПТР тест сертификатын ұсыну қажет болады, бұл сертификат болмаған жағдайда турист ұшып келу бойынша ПТР тестін 30 долларға тапсыра алады. Азаматтығына қарамастан және алты жасқа дейінгі барлық балалар ПТР-тесттен босатылады.

ПТР сертификаты, егер ол келесі талаптарға сәйкес келсе, қабылданады:

- ол тестілеу уақыты мен күнін қамтиды, жағынды (мазок) алған сәттен бастап 72 сағат есептеледі
- сертификат: мамандандырылған және ресми тіркелген (мемлекеттік немесе мемлекеттік емес тәуелсіз) зертханамен берілуі және зертхана мөрімен мөрленуі тиіс, түзетусіз және толықтыруларсыз
- жағынды сынамасының түрі көрсетілуі тиіс
- көрсетілуі керек - тест түрі (RT-PCR).
- араб немесе ағылшын тілінде рәсімделген

Келгеннен кейін - 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап елге кіру үшін келгендердің барлығына ұшуға дейін 72 сағаттан кешіктірмей жасалған COVID-19 үшін ПТР-тест сертификатын ұсыну қажет болады

БАӘ

Ұшу алдында - ұшудан 96 сағат бұрын алынған COVID-19-ға теріс нәтижесі бар ағылшын тіліндегі ПТР анықтамасы болуы қажет.

Абу-Даби қонақүйлерінде тұруға броньдалған туристерге ұшудан 48 сағат бұрын берілген COVID-19-ға теріс нәтижесі бар ағылшын тіліндегі ПТР анықтамасы болуы қажет. 12 жасқа дейінгі балалар мен орташа және ауыр мүгедектігі бар адамдар ПТР тестінен босатылады.

Келгеннен кейін - ұшып келгеннен кейін Дубай әуежайында COVID-19-ға қосымша міндетті тестілеу тегін. 12 жасқа дейінгі балалар мен орташа және ауыр мүгедектігі бар адамдар ПТР тестінен босатылады.

Шри-Ланка

Ұшып шығу алдында және ұшып келу бойынша - жөнелту алдында, рейске қонғанға дейін кемінде 72 сағат бұрын, теріс нәтижемен және ұшып келу бойынша COVID-19 ПТР тестілеу. Сондай-ақ, әуежайда келген кезде ПТР тесті тегін өткізіледі.

Мальдив

Ұшу алдында - 10 қыркүйектен бастап арал мемлекетіне келген барлық туристер COVID-19-ға теріс тест тапсыруы керек, ол ағылшын тілінде болуы тиіс. ПТР тестін Мальдивке ұшуға дейін 96 сағаттан кешіктірмей жүргізу керек.

Келгеннен кейін - ПТР-тестті Мальдивке ұшуға дейін 96 сағаттан кешіктірмей жүргізу керек.
Денсаулық талаптарына сәйкес, Мальдивке баратын барлық саяхатшылар Мальдивке кетер алдында және одан кетер алдында 24 сағат ішінде онлайн-декларативті денсаулық декларациясын тапсыруы керек.

Украина

Ұшу алдында - талап етілмейді, қазіргі уақытта Қазақстан "жасыл" аймақ тізімінде тұр. Елдің "қызыл" және "жасыл" аймақтарға сәйкес позициясы шетелдіктің өз елінен ұшып шығу сәтіне емес, Украинадағы шекаралық бақылаудан өту сәтінде ескерілетін болады. 

Келгеннен кейін - талап етілмейді, қазіргі уақытта Қазақстан "жасыл" аймақ тізімінде тұр. Елдің "қызыл" және "жасыл" аймақтарға сәйкес позициясы шетелдіктің өз елінен ұшып шығу сәтіне емес, Украинадағы шекаралық бақылаудан өту сәтінде ескерілетін болады. Толығырақ мына жерден алуға болады.

Грузия

Ұшар алдында - ұшудан 72 сағат бұрын теріс нәтижесі бар ПТР тесті туралы анықтама

Келгеннен кейін - ұшуға дейін 72 сағат бұрын теріс нәтижесі бар ПТР тесті туралы анықтама

* COVID-тестілеу: міндетті сақтандыру полиске сәйкес сақтандыру сомасы шеңберінде емдеу шығындарын өтейді

Беларусь

Ұшу алдында және келгеннен кейін - Беларусь Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі қабылданған критерийлер негізінде COVID-19 инфекциясы тіркелген елдердің тізімін өзектендіруді жалғастырды. Тізбеге енгізілмеген елдерден келген адамдар Беларусь Республикасына келген күннен бастап күнтізбелік 14 күн ішінде өзін-өзі оқшаулау қажеттілігінен босатылады. 09.10.2020 жағдай бойынша Қазақстан Республикасы тізбеден алып тасталды. Сілтеме бойынша өзекті ақпарат.

Сонымен қатар, тізбеге енгізілмеген елдерден келген адамдар Беларусь Республикасына келу күніне дейін 72 сағаттан кешіктірмей ПТР әдісімен орындалған COVID-19 зерттеуінің теріс нәтижесі бар медициналық анықтаманың түпнұсқасын (орыс, беларусь немесе ағылшын тілдерінде) ұсынуға міндетті.

Қалған елдер бойынша талаптармен туроператордың сайтында танысуға болады. Эйр Астана әуекомпаниясының халықаралық рейстері туралы ақпарат мына жерде орналасқан.

Еске салйық, Қазақстанға оралмас бұрын барлық туристерге мыналар қажет:

- термометрия;
- сауалнама;
-іріктелген ПТР әдісімен COVID-19 тестінен өткені туралы анықтама ұсыну (яғни, анализ тапсырған сәттен бастап - авт. түсіндірмесі) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте барлық жолаушыларға, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтарына 72 сағаттан ерте емес (2020 жылғы 26 қазаннан бастап).