Еліміздің туристік аймағында жер сілкінгені рас па?

©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желілерде Бурабайда жер сілкінгені туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде Бурабайда жер сілкінгені туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Онда Бурабай кентіне жақын маңда 4 ақпан сағат 14:00 шамасында 5 балдық жер сілкінісі болғаны көрсетілген.

Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі осы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Реклама
Реклама

"Сағат 13.57-де Earthquak қосымшасында Ақмола облысында Бурабай ауылының маңында жер сілкінгені туралы ақпарат жарияланды. Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы аталған аумақта жер сілкінгенін жоққа шығарады", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Дәл осындай жалған ақпарат Қызылорда облысында да тарады. Облыстық ТЖД Қызылордада да жер сілкінбегенін мәлім етті.

Құрметті Қызылорда облысының тұрғындары мен қонақтары! Әлеуметтік желіде тараған: “Қызылорда өңірінде жер сілкінді” деген жалған ақпаратқа байланысты облыста жер сілкінбегінін хабарлаймыз. Департаменттің жауапты қызметкерлері Сейсмология институты өкілдерімен ұдайы ақпарат алмасып отырғандықтан, әзірге ондай ақпарат берілмегенін хабарлаймыз, - деп сендірді Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная