Еліміз туризм рейтингінде ең соңғы? Kazakh Tourism түсінік берді

"Kazakh Tourism ҰК" АҚ туризм бойынша халықаралық рейтингтердегі Қазақстанның орнына қатысты пікір білдірді. Осындай зерттеулердің бірінде еліміз соңғы орыннан бір саты ғана жоғары тұр, деп хабарлайды Tengritravel.kz.

U.S. News құрған рейтингте әлемнің 85 елінің ішінде Қазақстанды 84-орынға қойыпты.

Energyprom.kz басылымының ақпарттық графикасы

Energyprom жариялымына қатысты Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Kazakh Tourism өкілдері пікір білдірді. Еліміздің бренд-менеджері бұл рейтинг топ тізімдегі ең үздік елдер бойынша жасалғанын түсіндірді. Мәселен жалпы ішкі өнім, тікелей шетелдік инвестиция және халықаралық туризмнен кіріс бойынша топ-100 тізімдегі елдер.

"U.S. News Best Countries елдерді туризм бойынша ғана бағалап отырған жоқ, өмір сүру сапасы, кәсіпкерлік, икемділік, әлеуемттік жауапкершілік, мәдениет, бизнеске ашықтық және тағы басқа критерилерді есепке алып отыр. Туризм тек "оқиғалар" сегментінде ғана, ал оның жалпы көрсеткіштегі үлесі тек 5 пайыз.

Жалпы рейтингте Қазақстан 85-орында тұр, Иран, Өзбекстан және Беларусьтен жоғары тұрмыз. Ал жалпы Қазақстанның бұл тізімге енуін оңды сипаттауға болады", - дейді компания өкілдері.

Сонымен қоса, Kazakh Tourism "оқиғалар" категориясы бойынша рейтингте достық пейіл, күн райының жайлылығы, көркемділік пен сексуалдылық сияқты критерилер есепке алынған нақтылай кетті.

"Бұл туризмнің толық бейнесін бере алмайды. Әлемнің өзге елдері сияқты Қазақстан да туризм индустриясына баға берерде екі жылда бір жарияланатын саяхат пен туризмді дамытудың жаһандық индексіне сүйенеді", - деп есептейді бренд-менеджер.

Оның үстіне, компания өкілдері Қазақстан жыл сайын туризм бойынша халықаралық түрлі рейтингтерде жүретінін қоса айта кетті.