Дубайдан ұшып келген қазақстандықтан COVID-19 анықталды

Фото: Tengrinews.kz

2020 жылдың 31 желтоқсанында ПТР-анықтамасыз ұшып келген қазақстандықтан COVID-19 анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2020 жылдың 31 желтоқсанында ПТР-анықтамасыз ұшып келген қазақстандықтан COVID-19 анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. 

2021 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Мысыр, Түркия және БАӘ-ден 7 халықаралық әуе рейсі келді.

Реклама
Реклама

811 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 661 адам, анықтамасыз 150 қазақстандық келді.

Оның ішінде:

Алматы әуежайына - 4 рейс, 472 жолаушы, анықтамамен - 363, анықтамасыз - 109;
Нұр-Сұлтан әуежайына - 3 рейс, 339 жолаушы, анықтамамен - 298; анықтамасыз - 41.

Анықтамасыз келген қазақстандықтар келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда нәтижелерін күтіп жатыр.

2020 жылдың 31 желтоқсанында анықтамасыз келген 252 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай - Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная