Дубайдан COVID-19 жұқтырып келген қазақстандық Алматыға баратын ұшаққа жіберілмеді

© Reuters

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов БАӘ-ден келген COVID-19 жұқтырған жолаушының ішкі авиарейске жіберілмегені туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов БАӘ-ден келген COVID-19 жұқтырған жолаушының ішкі авиарейске жіберілмегені туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Санитариялық-карантиндік пункттердегі эпидемиологтар әуе немесе теміржолдағы COVID-19-ға ПТР-талдау анықтамаларын мұқият тексереді.

Реклама
Реклама

Талаптарға сәйкес, Қазақстанға бағытталған халықаралық авиарейстердегі барлық адам, қазақстандықтарды қоспағанда, әуежайдан ұшақтың бортына COVID-19-ға ПТР-талдау анықтамасы болған жағдайда ғана жіберіледі.

2020 жылдың 13 қарашасында Дубайдан Нұр-Сұлтанға 129 жолаушысы бар әуе рейсі келді, оның ішінде анықтамасы бар - 125 адам, анықтамасыз - 4 адам.

"ПТР анықтамасыз келген қазақстандықтар, оның ішінде транзиттік рейспен келгендер тест тапсыру үшін карантинге жатқызылады.

13 қарашада Нұр-Сұлтаннан Алматыға транзитпен ұшып кетпек болған қазақстандық ПТР-талдаудан өткені туралы анықтамасын ұсынды. Эпидемиолог бұл анықтаманы тексеру кезінде COVID-19 (positive) оң нәтиже көрсетілгенін байқаған.

Коронавирус анықталған жолаушы Алматыдағы сапарын жалғастырмады, өйткені ол елорданың инфекциялық стационарына жатқызылды", - деді Байғабылов.

Бүгінгі таңда Қазақстанға халықаралық әуе рейстері арқылы коронавирус жұқтырған 54 адам келген, оның ішінде: Нұр-Сұлтанда - 12, Алматыда - 40, Шымкентте - екі жағдай.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная