Дубайда түрме күзетшілері туристі өлімші етіп сабаған

© pixabay

Лондондық сот туристің қайтыс болуына байланысты атышулы іс бойынша үкім шығарды, онда ер адам Индонезияға бара жатып, бірнеше күн Дубайда болған. Алайда оны әмірлік полициясы қамауға алған, соның салдарынан ол түрме күзетшілерінің соққысынан қаза тапқан.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Лондондық сот туристің қайтыс болуына байланысты атышулы іс бойынша үкім шығарды, онда ер адам Индонезияға бара жатып, бірнеше күн Дубайда болған. Алайда оны әмірлік полициясы қамауға алған, соның салдарынан ол түрме күзетшілерінің соққысынан қаза тапқан.

Қайғылы оқиға сонау 2011 жылдың сәуір айында болған, алайда 11 жыл өткен соң ғана Лондонның Коронерлік Уолтемстоу соты туристі түрме күзетшілері өлімші етіп сабап, аш қалдырды деген шешім шығарған. Сол кезде 39 жастағы турист әрі кәсіпкер Ли Браун Дубайға келіп, діттеген жеріне жете алмаған. Қамауға алуға Burj Al Arab қонақүйінде қызметші әйелге шабуыл жасады деген айыптау себеп болған. Бірнеше сағаттан соң ол өз нөміріне оралғанда, оны 20 адам күтіп тұрған. Dailystar мәліметінше, таяқ жеген туристі Бур-Дубай полиция учаскесіне жеткізген, арада бес күн өткенде ол қайтыс болады.

Ер адам өлім ауызында жатқанда тағы бір ұлыбританиялық азамат Ли браунның туыстарына хабарласып, оны соққыға жығып, тамақ бермей, адам төзгісіз жағдайда ұстап отырғандарын айтқан. "Сіздер көмекке жүгінулеріңіз керек, егер оған көмек болмаса Ли өліп кетуі мүмкін. Оны полиция қызметкерлері қатты ұрған, оның жағдайы өте нашар. Ұлыбритания елшілігіне хабарласып, көмек сұраңыздар", - деді ер адам. Тағы бір хабарласқанында оның қол аяғы кісендеулі екенін және бір адамдық камерада жатқанын мәлімдеген. Ол бірде есін жиып, сосын қайтадан естен танып жатқаны айтылған. Бет аузынан сау-тамтығы қалмаған.

Реклама
Реклама

Осыдан кейін Ұлыбритания сыртқы істер министрлігінің қызметкері түрмеге барған, алайда оған Браун ұйықтап жатыр деп қуып шыққан. Оның отбасы әмірлікке келгенде, барлығы кеш болған. Саяхатшы қайтыс болған. Жергілікті полицияның айтуынша, Браун "өзін өзі сабап, өлтірген", ол үстелден еденге секіріп, қолын, аяғын, басын және кудесін жарақаттаған.

БАӘ билігі тергеу барысында ер адамның өзін-өзі өлтіруге әрекет жасағаны туралы бірде бір дәлел келтірмеген. Өз кезегінде кәсіпкердің отбасы Ұлыбритания СІМ өкілдерін араша түспеді деп айыптаған.

"Елшілік қызметкерлері үшін британиялықтардың қауіпсіздігі маңызды еместігіне налымын. Көңілім қалды, өйткені мәліметтер бізге елшіліктен емес, түрмеде отырған басқа адамдардан болды, олар шын ықыласымен көмектескісі келіп, кейде басын қауіп-қатерге тікті", - дейді қайтыс болған ер адамның анасы.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная