Дубай - Нұр-Сұлтан рейсімен келген 3 жолаушыдан коронавирус анықталды

© Тұрар Қазанғапов

17 желтоқсанда ПТР-анықтамасыз ұшып келген 3 қазақстандықтан COVID-19 анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

17 желтоқсанда ПТР-анықтамасыз ұшып келген 3 қазақстандықтан COVID-19 анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. 

2020 жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Румыния, ҚХР, Грузия, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы, Тәжікстан және Өзбекстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді.

Реклама
Реклама

2 561 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 351 адам, анықтамасыз 210 қазақстандық келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына - 9 рейс, 1 641 жолаушы, анықтамамен - 1 513, анықтамасыз - 128;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 6 рейс, 789 жолаушы, анықтамамен - 707; анықтамасыз - 82;
Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 44 жолаушы анықтамамен келді;
Ақтау қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 47 жолаушы анықтамамен келді.

"Анықтамасыз қазақстандықтар келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді, олар карантиндік стационарларда нәтижелерін күтіп жатыр.

2020 жылдың 17 желтоқсанында анықтамасыз келген 378 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Дубай - Нұр-Сұлтан рейсімен келген 3 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная