Air Astana 16 сәуірде әуежайды су басуына байланысты ауыстырылған рейстерге қатысты жаңартылған ақпаратты жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"Air Astana хабарлағандай, әуеайлақтың су басуына байланысты кешегі Дубай-Астана және Дубай-Алматы KC206 және KC898 рейстері Дубай уақытымен бүгін, 17 сәуірде тиісінше сағат 10.30 және 13: 10-да ұшуға жоспарланған.
Жолдардың суға батқаннан жабылуына байланысты жолаушыларды терминалға орналастырып, оларға тамақ, сусын және жамылғы берді", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!