Әлеуметтік желі қолданушылары қазақстандық авиакомпанияның бортсерігі жариялаған әсерлі роликті талқылап жатыр. Жас жігіт экипаж мүшелерінің бірі ретінде ұшып, отбасына тосынсый жасады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Сардор Шермухамедов өзінің Instagram-парақшасында оқырмандарының назарын аударған бейне жариялады. Ол әжесіне тосынсый жасайын деп онымен бірге ұшақпен ұшқан. Жас жігіт белгілі қазақстандық авиакомпанияда бортсерік болып жұмыс істейді. Видеодан әжесі немересінің рейсте болатынын білмегенін байқауға болады. Немересін көрген әже эмоциясын ұстай алмайды.
Видео 200-ге жуық пікір жинады және 450 мың рет қаралған.
"Ұлы махаббат, баршамызды осындай абсолютті махаббатқа ие етсін", "Өзіме осындай бақыт тілеймін", "Әженің құшағы сондай жылы болады", "Кім роликті 500 рет қарады?", – деп жазған әлеуметтік желі қолданушылары.
Қазақстандық авиакомпанияның баспасөз қызметі желіде тарап кеткен бұл видеоға қатысты пікір білдірді. Сардор Шермухамедов небәрі 20 жаста, жұмыс өтілі – екі жыл.
"Бұл рейс 3 қазанда болды, Kc898 Дубай–Алматы. Сардор Шермухамедов әжесінің, әпкелері мен жиендерінің осы рейспен ұшып бара жатқанын біліп, жүйе бойынша әріптесімен ауысып, тосынсый жасаған", – деп хабарлады Air Astana баспасөз қызметі Tengri Travel-ге.
Әуе тасымалдаушы қызметкерлер мен олардың жақын туыстарына топтың немесе серіктес авиакомпаниялардың рейстеріне 50-90 пайыздық жеңілдіктер берілетінін еске салды.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!