2021 жылдың 12 ақпанында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
Бұл күні Қазақстан аумағына Ұлыбритания, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді.
1 945 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 639 адам, анықтамасыз 306 қазақстандық келді.
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына - 12 рейс, 1 169 жолаушы, анықтамамен - 939, анықтамасыз - 230;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 5 рейс, 732 жолаушы, анықтамамен - 656; анықтамасыз - 76;
- Ақтау қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 44 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді. Олар карантиндік стационарларда нәтижесін күтіп жатыр.
Сонымен қатар, 11 ақпанында анықтамасыз келген 425 қазақстандықтың ПТР-талдау нәтижелері бойынша, Дубай - Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!