ДСМ қазақстандық туристерге арналған ПТР-тест туралы шешімді түсіндірді

Қазақстанда шетелден оралған туристерді міндетті ПТР-тестілеу құнын демалушы азаматтар есебінен туроператорлар пакетінің құнына енгізу туралы шешім шығарылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.

Ведомствоның мәліметінше, туроператорлар, "Атамекен" ҰКП және ҚР аумағында коронавирус инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелері мәселені талқылап, бірлесіп шешім шығарды.

Шетелге қыдырып келетін қазақстандықтардың көбі ПТР-тест тапсырмай оралады. Олардың 80 пайызы Мысырдан, Түркиядан және Біріккен Араб Әмірліктерінен келген туристер.

"Соның ішінде туристердің 41 пайызы Мысырдан, 27 пайызы Мальдивтен, 16 пайызы БАӘ-ден және 8,3 пайызы Түркиядан анықтамасыз келді. Мәселен, туристік елдерден келген демалушылардың 80 пайызынан коронавирус анықталды. Оның ішінде: Мысырдан - 96 адам, Түркиядан - 50 турист, БАӘ - 51 адам", - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігіндегілер.

Еске салайық, ПТР-тест тапсырмаған турист шетелге шыға алмайтыны туралы хабарланды. Шетелде демалғысы келген азаматтар Қазақстанға ұшқанға дейін ПТР-тест тапсырғысы келмесе, туристік компаниялар оларға жолдама сатпайды. 

Қазақстан Туроператорлар қауымдастығының президенті Инна Рейдің айтуынша, қазақстандықтар шетелден елге қайтарда көбіне, ПТР-тест тапсырмай шығады және бортта бірге келген басқа жолаушыларға вирус жұқтыруы мүмкін. Қауымдастық осы қауіптің алдын алу үшін шешім шығарған. Енді не шекаралар жабылады, не ПТР-тест болмаса, турист ұшпайды, не туристерге Қазақстанға келгенге дейін ПТР-тест тапсыруды ыңғайлы жолын ұйымдастырады.