Демалысқа қайда бару керек: қазақстандықтар үшін визасыз елдер

Виза қажет емес елге бару - шығындарды азайту, саяхатты дайындау мен жоспарлауды жеңілдету. Kaz.tengritravel.kz тілшісі қазақстандықтар 2022 жылы визасыз қайда бара алатынын айтып береді.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан азаматтары визасыз немесе визамен әлемнің 48 еліне бара алады.

Сонымен, қазақстандықтар қай елге визасыз және қандай мерзімге бара алады?

365 күнге дейін визасыз елдер:

Грузия.

180 күнге дейін визасыз елдер:

Сент-Винсент және Гренадин;

90 күнге дейін визасыз елдер:

  • Әзербайжан;
  • Албания;
  • Армения;
  • Беларусь;
  • Колумбия;
  • Коста-Рика;
  • Қырғызстан;
  • Молдова;
  • Моңғолия;
  • Намибия;
  • Ресей;
  • Тәжікстан;
  • Түркия - 180 күн ішінде 90 күнге дейін визасыз;
  • Украина.

30 күнге дейін визасыз елдер:

  • Аргентина;
  • Бразилия;
  • Индонезия;
  • Корея;
  • Малайзия;
  • Біріккен Араб Әмірліктері; 
  • Өзбекстан;
  • Филиппины;
  • Эквадор;
  • Сейшель аралдары;
  • Сербия;
  • Черногория (тек жазғы маусымда - 1 сәуірден 31 қазанға дейін).

28 күнге дейін визасыз елдер:

  • Барбадос;
  • Гонконг (14 күнге дейін);
  • Оман (14 күнге дейін).

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі кейбір елдер визасыз режимді біржақты тәртіппен және көбінесе дипломатиялық арналар арқылы тиісті хабарлама енгізетінін түсіндірді.

Әуежайдағы визалар

Кейбір елдерге Қазақстан азаматтары шекарадан өткен кезде виза ала алады.
Өзімен бірге мына құжаттар болуы қажет: алты ай бойы жарамды шетелдік паспорт; екі жаққа әуе билеттері; паспорттық үлгідегі екі фотосурет; консулдық және сервистік алымды төлеуге ақша (мөлшері елге байланысты); қосымша анықтамалар мен хаттар. Мысалы, сақтандыру немесе шақыру хаты.

  • Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы;
  • Мальдив Республикасы;
  • Оман Сұлтандығы;
  • Катар Мемлекеті;
  • Бангладеш Халық Республикасы;
  • Доминикан Республикасы;
  • Мысыр Араб Республикасы;
  • Замбия Республикасы;
  • Иордан Хашимит Корольдігі;
  • Комор аралдары;
  • Маврикий Республикасы;
  • Замбия Республикасы;
  • Намибия Республикасы;
  • Макао арнайы әкімшілік ауданы;
  • Непал Федеративтік Демократиялық Республикасы;
  • Таиланд Корольдігі;
  • Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!