17 сәуір 2024 10:25

Дели-Алматы рейсіндегі тырысқақ ауруы ошағы: ДСМ мәлімдеме жасады

Фото: ДСМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі Дели-Алматы бағыты бойынша Air Astana әуекомпаниясы рейсінің бортында тіркелген тырысқақ ауруының ошағы жойылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі Дели-Алматы бағыты бойынша Air Astana әуекомпаниясы рейсінің бортында тіркелген тырысқақ ауруының ошағы жойылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Делиден Алматы арқылы үйіне бара жатқан Қырғызстан азаматы емделуден сәтті өтіп, жақсы нәтижемен стационардан шығарылды. Қазіргі уақытта ол Бішкекке кеткені айтылды.

"Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының жедел іс-қимылдары ел ішінде тырысқақтың таралуын болдырмай, инфекцияны уақтылы анықтауға және оқшаулауға мүмкіндік берді. Байланыста болған адамдардың зертханалық зерттеулерінің нәтижелері - теріс, 154 адамнан медициналық бақылау алып тасталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Денсаулық сақтау министрлігі қатаң кеңес береді:

  • Тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу;
  • ⁠Сусындарды салқындату үшін мұзды пайдаланбау;
  • ⁠Тұтынар алдында өнімдерді тиісті термиялық өңдеуді жүргізу;
  • Жемістер мен көкөністерді тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суда жуу;
  • Қол гигиенасын сақтау, оларды әр тамақ алдында және дәретханаға барғаннан кейін сабынмен жуу;
  • Судың аузға кетуіне жол бермей, тек рұқсат етілген су айдындарында шомылу;
    Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеуден аулақ болып, дереу медициналық көмекке жүгіну.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды бақылауды жалғастырып, ел тұрғындарының денсаулығын сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқаны айтылды.

"Біз азаматтарды саяхат кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырамыз. Денсаулықты сақтаңыздар, мұқият болыңыз және медициналық мамандардың ұсынымдарын орындаңыз", - делінген хабарламада.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!


Читайте также
Реклама
Реклама