Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Бурабайдағы Оқжетпес шыңына шықты. Шенеунік сол сәтте түсірілген видеоны Instagram желісіндегі аккаунтында жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.
Видеода Әулиекөл, Үлкен Шабақты, қылқан жапырақты орман түсірілген. Министрдің айтуынша, шыңға шығу оңай болмаған.
"Эверстке шыққандай әсер алдым", - деді Абаев.
Публикация от Dauren Aba (@dauren_aba)
Құзға өрмелеуден "Бурабай-2022" республикалық фестиваліне 300 адам қатысады. Басты мақсат – Қазақстанда альпинизм мен бұқаралық спортты дамыту. Сонымен қатар, фестиваль ішкі туризмді насихаттауға бағытталған. Іс-шараға мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев та қатысты.
"Фестивальге қатысушылар мен қонақтарға қош келдіңіздер, дейміз және Сіздер үшін шын жүректен қуаныштымын. Бүгінгі таңда Қазақстанда құзға өрмелеу спорты көптеген кәсіби мамандарды ғана емес, сонымен қатар белсенді демалысты жақсы көретіндерді де біріктіреді. Аталған іс-шара осы спорт түрінің дамуына жаңа серпін беріп, оны неғұрлым танымал әрі бұқаралық ететініне сенімдімін. Жарысқа қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілеймін!",- деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.
Оқжетпес тауы Бурабайдың басты символына айналған. Биіктігі шамамен үш жүз метр болатын бұл тау Әуликөл көлінің жағалауында орналасқан. Оның формасы жатқан пілге ұқсайды, сол себепті жергілікті тұрғындары оны "Піл" деп атайды.
Айта кетейік, фестиваль 1-3 шілде аралығында Ақмола облысында өтті. Оған кәсіби спортшылармен бірге осы спорт түрін сүйетіндер де қатысқан.