Бір кездері бұл жерде Ұлы Жібек жолының маңызды нүктесі болған ежелгі Исфиджаб қаласы орналасқан еді. Қазір мұнда Қазақстанның үшінші мегаполисі - Шымкентке қарайтын Сайрам қаласы орналасқан. Осы қасиетті жерде сан ғасырлық тарихқа куә болып, шығыстың рухын сезінесіз. "Шымкенттегі кішігірім Өзбекстан" демекші, осы теңеу елдімекеннің тұрмысы мен тынысын, қызу сауда-саттығы мен дәмі тіл үйірер өзбек асханасын дәл сипаттайды. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге елдің оңтүстік өңірін Сайрам қаласынсыз тамашалау неге толыққанды болмауының себебін түсіндіріп, осынау ерекше қала жайлы баяндайды.
Сіз Шымкенттен шығысқа қарай 15 шақырым жүрсеңіз, таңғажайып жер Сайрам деп аталатын ауылға кез боласыз. Бұл жер - ежелгі мұнаралар мен кесенелер тарихының шоғырланған жері. Қала тұрғындары үшін бұл жер шығу нүктесі мен көкке серуендеуге азық-түлік алатын орын екенін байқауға болады. Дәл осы Сайрамда сіз оңтүстікке тән қызу сауданы көре аласыз. Мұнда тұрғындардың тілін толық түсіну мүмкін емес, бірақ бұл өзіңізді осында жақсы сезінуге ешқандай кедергі келтірмейді. Сайрамдықтар ақ көңіл, көзі ашық адамдар, олардың көпшілігі кең қақпалары бар кірпіш үйлерде тұрады. Тұрғындардың жылы шырайы мен қонақжайлылығы тәнті етері анық.
Сайрамның ежелгі тарихы
Исфиджаб (немесе Испиджаб) - I ғасырдағы Сайрамның атауы. Бұл туралы алғаш рет 629 жылы қытай ғалымы Сюан Цзяньнің жазбаларында Ақ өзен бойындағы қала ретінде кездеседі. Қазір Сайрам қалашығы "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасына ең маңызды тарихи-археологиялық нысандардың бірі ретінде енгізілді.
"Сайрам - бұл Испиджаб деп аталатын ақ қаланың атауы (әл-Мединат әл-Байда). Оны да Сайрам деп атаған", - деп жазады кейінірек түркі филологы Махмуд әл-Қашқари.
Исфиджаб соғды тіліне негізделген зерттеушілердің анықтамасы бойынша "ақ су" дегенді білдіреді. Қала Сайрам-су өзенінің бойында бой көтерген. Бұл Ұлы Жібек жолындағы Шығыс пен Батыстың арасын байланыстырған елдімекен болды. Шежірешілердің жазбаларына сәйкес, қалада матамен сауда жасайтын базарлар, жабық сауда орындары мен мешіттер болған. Қызу саудаға қарамастан, Исфиджаб ежелгі тарихшының айтуынша таза және жайлы қала туралы жағымды әсер қалдырған.
VI ғасырда қарқынды дамыған қала Қазақстанның оңтүстігінде ірі сауда және мәдени орталыққа айналды.
VII ғасырда, араб шапқыншылығы кезінде Исфиджаб өркендеген қала болды. Нахшеб, Бұхара және Самарқанд көпестерінің иелігінде болған көптеген үлкен сарайлар болған. Осы жерден ақ маталар, қару-жарақ, қылыштар, мыс және темір басқа аймақтарға жеткізілген. Мұнда сондай-ақ, құл саудасы жүргізілген, әртүрлі түркі тайпаларының дұшпандық соғыстары кезінде тұтқынға түскендер сатылды. Оңтүстігіндегі Бұхара қақпасы арқылы өтетін керуен жолдарымен Шығыс елдерінен тауарлар әкелінді. Солтүстік қақпалар арқылы өтетін керуен жолы Сырдария жағасындағы Отырар, Сауран, Жент және Янгикент сияқты қалаларды айналып өтті. Айтпақшы, қала қақпалары бүгінгі күнге дейін сақталған. Сайрамға келгендердің барлығы сол арқылы өтеді.
Сайрамдағы қалпына келтірілген ежелгі қақпа
Тарихшылар Исфиджабтың дамыған және қорғаны мықты қала болғандығын атап өтеді.
"Қала қоршауларының биіктігі соншалық, оны басып алғысы келгендер қаланың қабырғаларынан аса алмай кері қайтып отырған; айналасында қазылған шұңқырлар өте терең, өту мүмкін емес", - деп сипаттайды Сайрам қабырғаларын XV-XVI ғасырлардағы тарихшы, "Мехманнаме-и-Бұхара" авторы Рузбихан Исфахани.
Хызыр Пайғамбардың сау қалған жалғыз 10 метрлік мұнарасы (ол туралы төменде айтылады)
Қала VII ғасырда, арабтар Орта Азияға келген кезде өркендеді. Осы кезеңде Исфиджабқа араб басқыншылары шабуыл жасады, бірақ ұзақ уақыт бойы қала алынбады.
IX ғасырдың басында Исфиджаб Қарлұқ мемлекетінің құрамына кірді. 840 жылы Исфиджабқа Орта Азиядан Саманидтер шабуыл жасайды. Сол шайқаста Білге Құл қаласының сол кездегі билеушісі Қадырхан жеңіледі. Саманидтер билеушісі Нұх Ибн Асадты жаулап алғаннан кейін егіншілік мәдениеті белсенді дами бастады. Исфиджаб пен ауылшаруашылық дақылдарын (жүзім және астық) қорғау үшін Саманид билеушісі бекініс қабырғаларын салуға бұйрық береді. Х ғасырдың аяғында 990 жылы Исфиджаб Саманидтерді ығыстырып шығарған Қарахан мемлекетінің құрамына кіреді.
Хызыр Пайғамбар мұнарасының терезесінен көрініс
Тарихшылар географиялық орналасуына байланысты Сайрамның өте маңызды стратегиялық орталық болғанын айтады. Бұл - Сайрам территориясын иемдену үшін әртүрлі этностың феодалдары арасындағы көптеген қақтығыстың басты себептерінің бірі.
Бірақ уақыт Исфиджабқа кері әсер етті. XVII ғасырда қала маңызды сауда орталығы ретіндегі рөлін мүлдем жоғалтты.
Сонымен қатар, Исфиджаб христиан, зороастризм және ислам діндерінің орталығы болып қала берді. Қазіргі Сайрамның аумағында көптеген халық өкілдері бейбіт өмір кешуде.
"Сайрам-Исфиджаб өзінің 1500 жылдық тарихымен, қазақ халқының материалдық және рухани қазынасының ең үлкен қазынасы екенімен мақтана алады", - деп атап өтті археолог Бахтияр Қожа.
Қызықты дерек
Исфиджаб - ұлы сопы Қожа Ахмет Яссауидің туған жері. Осы жерде кесенеде оның ата-анасы жерленген.
Қала ішіндегі көптеген кесене сақталып, қалпына келтірілді. Олардың көпшілігін тамашалауға болады. Ең ежелгісі - Падишах Мәлік Баба. ІХ-XVIII ғасырларға жатады. Негізгі туристік және зиярат ететін орындар - Қожа Ахмет Яссауидің әкесі мен анасының "Ибрагим-ата" және "Қарашаш-ана" кесенелері, Әбдел-Азиз-бабтың, Мирали-бабтың ежелгі кесенелері және Хызырдың ортағасырлық мұнарасы.
Қызықты дерек
Халық арасында "Сайрамда әулиелер көп" деп айтылады. Түркі тілдес халықтардың арасында ежелден ұрпақтары нағыз қасиетті адамдарды, дана ұстаздарды, шейхтар мен дәруіштерді "Ата", "Баб", "Ана" деп атаған.
"Ибрагим-ата" кесенесіне кіреберістегі сауда дүкені. Мұнда сіз кәдесыйларды қолжетімді бағамен сатып ала аласыз. Тіпті саудаласуға болады.
Ибрагим ата кесенесі Сайрамның солтүстік-батыс бөлігінде, биік баурайда орналасқан. Мұнда Қожа Ахмет Яссауидің әкесі жерленген. Кесене зиярат етушілер мен туристерді қызықтырады және міндетті түрде көруге болатын туристік бағыттардың бірі болып табылады.
Сайрамда әрбір маңызды нысанның алдында негізгі ақпараты бар тақтайшалар орнатылғанын ескеріңіз. Қосымша мәлімет алу үшін QR кодын сканерлеуге болады. Мысалы, кесенені соңғы рет қалпына келтіру 1880 жылы жүргізілгені туралы ақпарат көрсетілген.
Сондай-ақ, кесенелер алдында садақа салуға арналған жәшіктер орнатылған, оларды кейінірек жергілікті қараушы жинайды.
"Ибрагим ата" кесенесінің аумағында ішкі және сыртқы әрлеудің ежелгі элементтері жартылай сақталған.
Сайрамның орталығында Қожа Ахмет Яссауидің анасы - Қарашаш-ананың қабірінің үстіне тұрғызылған бейіт бар. Кесене ғимараты 1852 жылы салынған.
Уақыт пен табиғат құбылысының әсерінен кесене құрылысы бірнеше рет бұзылып, қайта салынды. Біздің заманымызға жеткен ғимарат XIX ғасырдың ортасынан басталады. Кесене тікбұрышты күйдірілген кірпіштен, ағаштан, саздан және басқа да табиғи материалдардан тұрғызылған. Екі ғасыр бойы бұзылмаған кесененің сақталуы ондағы жүргізілген құрылыс пен әрлеу жұмыстарының сапасынан хабар береді.
Аңыз бойынша, бір кездері күмбезінің жоғарғы жағына қара шаш байланған (Қарашаш атауы "қара шашты" дегенді білдіреді) екен, бірақ кейін ол жоғалып кеткен. 1996 жылы күмбез ақ қаңылтырмен қапталды, ал 1997 жылы ескерткішке жақын аумақ тазартылып, абаттандырылды.
Қарашаш ананың шын аты - Айша-бибі, ол Сайрамдағы әйгілі Шейх Мұсаның қызы болған. Айша-бибі өмір сүрген XI ғасырда бұл аймақта ғылым, мәдениет және өнер қарқынды дамыды. Ұлы ғалым Қожа Ахметтің анасы өз дәуіріндегі ағартушы, тәрбиелі және сауатты әйелдердің бірі болған. Қарашаш-ананы бүкіл түркі халқы қастер тұтады.
Ал Хызыр Пайғамбардың (Құранда Мұсаның аты аталмаған серігі ретінде аталған Хызыр пайғамбар) мұнарасы ерекше қызықты. Исфиджабтағы бұл 10 метрлік мұнара Хызыр Пайғамбар мешітінің бөлігі болған. Бірақ 1920 жылдарға дейін жерасты бөлмесі мен тозығы жеткен мұнара ғана аман қалды. Мұнараға көтерілу үшін тар спиральды баспалдақпен өту керек.
Жеміс-жидектер мен мәуелі бақтар, базар мен сауда
Ежелгі Исфиджаб тек тарихымен ғана танымал емес. Мысалы, дәл сол көшеде мұнараның қарсы бетінде туристерді өз аулаларына қонаққа шақыратын ақкөңіл және қонақжай Сайрам тұрғындары тұрады. Мұнда жеміс-жидекті күнде жей бермейтін қала тұрғындары үшін көруге тұрарлық нәрсе көп.
Бұл үй иесі үйіне жылы шыраймен қонаққа шақырған гид бастаған туристік топ.
Үйдің иесі - қарапайым және еңбекқор адам. Аула ішіндегі бақ пен жеміс ағаштарының бәрі оның еңбегі.
Палау мен қуырдақ дайындайтын қазандар. Оларды далада арнайы пеште пісіреді.
Бұл - піскен айва жемістері.
Жергілікті базардағы жемістер мен көкөністер осы жерден, яғни өз аулаларында өсірілген.
Мұнда тауарларға ешқандай баға қойылмайды, сондықтан саудаласу оңайға түседі. Сайрамның орталық көшесіндегі базар - Қазақстандағы ең көне базарлардың бірі.
Сонымен қатар, Сайрам саудасы мен базары - бөлек тақырып. Мұнда сауда жасауды және саудаласуды қатты ұнатады.
фото Visit Shymkent
Қазір Сайрам базары бұрынғыдай эстетикалық әсер сыйламайды, шеттен әкелінген тауарлармен (көкөністерден мен жемістерден басқасы) толтырылған. Тек кейбір сауда нүктелерінің атауы, жазбасы сол өңірдің менталитетінен хабар береді.
Асхана - палау, самса және кәуап
Оңтүстік өңір асханасы саяхатшыларды қуантары сөзсіз. Біріншіден, тағамдардың бағасымен, түскі асқа арналған орташа чек 1000 теңгеден 6000 теңгеге дейін. Жергілікті тағамдар "шымкенттік" деген теңеумен сипатталады. Жас қозының етінен дайындалған жұмсақ, дәмі тіл үйірер қуырдақ сөзсіз соңына дейін желінеді. Ет, "шымкент пәтірі" деп аталатын тандыр наны, шелпек, хош иісті майлы самса. Тапшанда отырып, ыстық шырынды пияз бен ащы бұрыш қосылған жаңа балықтың дәмін татып, көк шай ішу үшін мұнда шетелдік туристер ғана емес, шымкенттіктердің өзі де келеді.
Тандырға самса пісіру процесі
Ерекше шымкенттік палау, оған қосымша ащы ачучук салаты ұсынылады.
Әрине, оңтүстік өңірде болып, тұздалған, шырынды дәмді еттен пісірілген кәуаптың дәмін татпай кету мүмкін емес.
Кәуап дайындау процесі
Қандай? Шымкенттіктердің өздері кәуаптың рецепті қан арқылы беріледі дейді екен. Сіз Шымкентте туылмаған болсаңыз, онда кәуапты дәл сондай жасай алмайсыз. Мұны жергілікті тұрғындар да растайды.
Қалай жетуге болады?
Шымкенттен Сайрамға жету қиын емес. Сіз асфальт жолмен шығысқа қарай 20 шақырымнан аз жүруіңіз керек.
Aviata.kz саяхаттауда жауапкершілік маңызды екенін еске салады. Табиғатқа ұқыптылықпен қарайық, балаларымыз тәлім алар табиғат болсын, ал біз ертең қайта оралар жер болуы қажет. Табиғаттың "бізден кейін" қандай болатындығы біздің қолымызда.
Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.