Чехия Қазақстанда Шенген визаларына өтінімдер қабылдауды қайта бастады

Фото: pixabay.com

2022 жылдың 9 сәуірінен бастап Қазақстан азаматтары үшін Чех Республикасына Шенген визаларын алуға өтініштер қабылдау толық жаңартылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2022 жылдың 9 сәуірінен бастап Қазақстан азаматтары үшін Чех Республикасына Шенген визаларын алуға өтініштер қабылдау толық жаңартылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Чех Республикасы елшілігінің мәліметінше, қысқа мерзімді визалар алуға және Чех Республикасының аумағына келуге өтініштер қабылдау үшін Денсаулық сақтау министрлігінің қорғау шаралары толығымен жойылды. Шенген визасын кез келген мақсатта алуға болады. Қазақстан азаматтары Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы Visa Facilitation Services Global (VFS) визалық орталықтары арқылы өтінім бере алады. Өтініш берушілер құжаттарды тапсыру рәсімі туралы ақпаратпен мына жерде таныса алады.

Реклама
Реклама

Шенген визаларына жұмысқа орналасу мақсатында немесе маусымдық жұмыс үшін (С/27, с/52) өтініш берушілер құжаттарын VFS Global визалық орталығы арқылы тек Нұр-Сұлтан қаласында тапсыра алады. Құжаттарды тапсыру рәсімі туралы ақпарат осы жерде берілген.

Бұған дейін Еуропаның бірқатар елі де антиковид шектеулерді жеңілдетіп немесе толығымен жойып, Шенген визаларына, соның ішінде Ұлыбритания, Польша және Швецияға өтініштер қабылдауды қайта бастады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная