Фото @Shutterstock Фото @Shutterstock

Бурабайда ұйымдастырылмаған демалысқа тыйым салынды


2 тамыздан бастап Бурабай курортының жағажайларында және Ақмола облысының басқа жерлерінде өз бетінше демалуға уақытша тыйым салынған. Бұл туралы Kaz.tengritravel.kz тілшісіне Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасова мәлімдеді.

Ақмола облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 31 шілдедегі № 31 қаулысына сәйкес, адамдар көп жиналатын кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынады, ал жабық жағажайлар мен аквапарктардың қызметі тоқтатылды.

"Ashyq жобасына қатысатындарды қоспағанда, Ақмола облысындағы барлық кәсіпорынның қызметіне тыйым салынған. Ashyq жобасына қатысатын туризм және халыққа тұру үшін қызмет көрсету (қонақүйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және басқалар) саласындағы нысандар мен ұйымдардың қызметіне ҚР МСҚКБ № 67 талаптарын сақтай отырып, толтырылуы 80-90 пайыздан аспайтын жағдайда рұқсат етіледі. Бұл ретте "Ashyq көшбасшылары" мәртебесін алған нысандар үшін 100 пайыздан артық емес етіп толтыруға рұқсат бар", - деді Сәуле Сәдуақасова.

Басшының орынбасары жағажайлар мен бассейндер тек Ashyq-қа қатысатын демалыс орындарында жұмыс істейтінін айтты. Ұйымдастырылмаған демалуға тыйым салынады.

"Егер демалыс аймағында су қоймасына немесе бассейнге шығу мүмкіндігі болса, оларға санитарлық нормаларды сақтай отырып баруға болады: әлеуметтік қашықтық, маска кию және антисептиктердің болуы талап етіледі. "Жабайы" демалуға тыйым салынады. Егер бұзушылық фактілері анықталса, мониторинг тобы шара қабылдайды. Топтың құрамына полиция қызметкерлері кіреді, олар сол жерде хаттама толтырады. Адамдарға мынаны айтқым келеді: ауа райы демалуға қолайлы және жаздың соңғы күндері өтіп жатқанына қарамастан, біз "қою қызыл" аймақта екенімізді түсінуіміз керек, жұқтырғандардың саны азаймайды. Қазір штамның түрі көп, олар бір-бірімен қиылысады және мутацияланады", - деді ол.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Алматы облысының жеткілікті бағаланбаған 10 көрікті жері Алматы облысының жеткілікті бағаланбаған 10 көрікті жері
Мұнай үшін құрғатпақ болған әлемдегі ең үлкен көл. Каспий жайлы қызық деректер Мұнай үшін құрғатпақ болған әлемдегі ең үлкен көл. Каспий жайлы қызық деректер
Қазақстанның туризмді дамыту жоспары қандай екені айтылды Қазақстанның туризмді дамыту жоспары қандай екені айтылды