Бурабайда марал мен адамның жылы жүздесуі видеоға түсіп қалған

Видеодан үзінді

Еліміздің солтүстігінде маралдар көп. Олардың дені адамдардан бой тасалап, ағаштардың арасын мекендейді. Дегенмен Бурабайдың маралдары адамдардан қашпайды екен. Tengritravel.kz тілшісі оның себебін біліп көруге тырысты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еліміздің солтүстігінде маралдар көп. Олардың дені адамдардан бой тасалап, ағаштардың арасын мекендейді. Дегенмен Бурабайдың маралдары адамдардан қашпайды екен. Tengritravel.kz тілшісі оның себебін біліп көруге тырысты.

Әлеуметтік желілерде Бурабай ұлттық паркінің аумағындағы Щучье көлінде түсірілген ерекше сурет пайда болды. Оқырмандар фотографтың ақшабұлттар мен ақ ұлпа қардың фонында ертегідегідей кадрды түсіріп алғанына тәнті болды. Сурет авторының сөзінше, ол маралдың адамға қорықпай жақындағанына таңғалмаған.

Реклама
Реклама

"Біз жабайы аңдармен жиі кездесеміз. Сол себепті бұғылардан баяғыдай қорықпаймыз. Керісінше оларды көрсек, тамақтандыруға тырысамыз. Біздің маралдар адамдардан қорықпай, қызығушылық танытады. Өйткені мұнда адамдар оларды тарпа бас салмайды, тек суретке түседі. Соңғы кезде маралдар қаланың шетіне, кейде тіпті бақшаларға да кіріп кететін болды. Біз бұған қарсы емеспіз.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен күн райына қарамастан жануарларды тамақтандыратын және оларды көздің қарашығындай қорғайтын орманшыларымызға алғыс айтқым келеді. Біз өте қуаныштымыз", - дейді Денис.

Сонымен қатар Денис досы Сергейдің маралмен суретке түскеннен кейін балық аулауға кірісіп кеткен видеосын жүктеді. Видео кадрларында жабайы жануардың Сергейдің қасынан шықпай жүргенін көруге болады. Кейіннен ол Маралға нан береді. Жануар сонда да оған байыппен қарап тұра береді.

Желі пайдаланушылары осы демалыс күндері түсірілген суреттерді әлемдік фотоконкурсқа қатыстыруға лайықты деп таныды. Көпшілікті жануардың қорықпай бір топ адамға жақындағаны таңғалдырды

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная