Бурабайда 16 жастағы турист қаза болды

Фото:depositphotos.com

Бурабай курортында 16 жастағы жасөспірім қайғылы қазаға ұшырады. Астаналық оқушы экскурсия кезінде қаза болғаны хабарланды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Nayza Kokshe порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бурабай курортында 16 жастағы жасөспірім қайғылы қазаға ұшырады. Астаналық оқушы экскурсия кезінде қаза болғаны хабарланды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Nayza Kokshe порталына сілтеме жасап.

5 мамырда курорт аймағына Астанадан он сегіз оқушы келгені хабарланды. Олардың екеуі велосипед жалдап, серуендеуге шыққан. Еңістен төмен түсіп келе жатқанда бала рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылған. Алған жарақаттарынан жасөспірім оқиға орнында қаза болды.

Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсетуге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Реклама
Реклама

"Алдын ала мәлімет бойынша, велосипедті жалға алған кәмелетке толмаған бала ағашқа соғылғаны анықталды. Ол оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза болды. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады Ақмола облысының Полиция департаменті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная