28 шілде 2022 09:53

"Бурабай" ұлттық саябағында қоқыс туралы сынға жауап берілді

Фото ©Shutterstock

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бір күн ішінде ұлттық парктер мен курорттық аймақтардың аумағынан қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды қамтамасыз етуді тапсырғаннан кейін, "Бурабай" ұлттық табиғи паркінде қоқыстың қаншалықты жиі шығарылатынын айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бір күн ішінде ұлттық парктер мен курорттық аймақтардың аумағынан қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды қамтамасыз етуді тапсырғаннан кейін, "Бурабай" ұлттық табиғи паркінде қоқыстың қаншалықты жиі шығарылатынын айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Бурабай" ұлттық табиғи паркінің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында қоқыстың қанша жиналғаны және оны қаншалықты жиі шығаратыны туралы есеп жарияланды.

Реклама
Реклама

Шілденің екі онкүндігінде туристер 217 тонна қоқыс қалдырды. 1-20 шілде аралығында ұлттық табиғи парк қызметкерлері 217 тонна (немесе 333 текше метр) қатты тұрмыстық қалдық шығарды.

Саябақ директоры Сергей Быковтың айтуынша, қалдықтар санының едәуір артуы демалушылар санының өсуіне байланысты болып отыр. Шілденің басынан бастап "Бурабай" МҰТП" ММ бақылау-өткізу бекеттерін 58 278 турист пен 27 204 автокөлік кесіп өтті.

"Көлдердің жағалау аймақтарын және адамдар көп жиналатын орындарды санитарлық тазалау күн сайын жүргізіледі. Қоқыс жұмыс күндері күніне үш рет (сағат 6:00, 12:00, 19:00), демалыс және мереке күндері күніне бес рет (сағат 6:00, 12:00, 15:00, 19:00) шығарылады. Қажет болған жағдайда қоқысты жинау және шығару бойынша қосымша ресурстар іске қосылады.

"Бурабай" ұлттық паркінің аумағында 60 металл контейнер орнатылып, қызмет көрсетіледі, оның 30-ы Бурабай көлінің жағалау аймағы бойынша бір-бірінен 150 метр қашықтықта. Сондай-ақ ұсақ қоқыстарды жинау үшін 100 қоқыс жәшігі орнатылды", - деді Сергей Быков.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram