Қазақстандық фотограф Дмитрий Доценко гүлді дала түсірілген суреттер топтамасын көрсетіп, тағы да әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Дмитрий Доценко Instagram-да суреттер жариялады.
"Мамыр айы әлі де сұлулығымен тамсандырып жатыр. Алматы облысындағы белестер хориспораның әсем бояуымен көмкеріліп тұр", - деп жазды ол.
Пост астында көптеген пікірлер жазылған. Әлеуметтік желі қолданушылары автордың әрқашан ел табиғатының сұлулығын көрсете алатынын айтып, таңданыстарын білдіріп жатыр. Кейбіреулер бұл жер тым танымал болып, гүлдер тапталады деп қорққан.
"Бұл шынайы ма? Оның үстіне туған жеріміз!", "Алыстан лавандаға ұқсайды", "Өте керемет, рақмет сізге", - деп жазды оқырман.
Басылым тілшісі таңғалдыратын суреттердің егжей-тегжейін білу үшін Дмитрийге хабарласты.
"Осыдан 10 күн бұрын түсірдім. Бұл - Алматы облысы, Жамбыл ауданы. Тау бөктерінде түсірілген,", - дейді Дмитрий Доценко.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!