Бозжыра шатқалындағы қонақүйдің эскизі пайда болды

© inaktau.kz

TETHYS AKTAU IV компаниясы қоғамдық тыңдауда "Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы қонақүй кешені" жобасының эскиздерін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі инАктау сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

TETHYS AKTAU IV компаниясы қоғамдық тыңдауда "Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы қонақүй кешені" жобасының эскиздерін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі инАктау сайтына сілтеме жасап.

Бозжыра амфитеатрында вилла, бассейн, мейрамхана, ат қора мен тікұшақ алаңы, SPA, фитнес-орталығы және "эскиздік жобаға сәйкес жайлы демалысты қамтамасыз ететін өзге де ғимараттар мен құрылыстары" бар бутик-қонақүй салу жоспарланған.

Реклама
Реклама

Нысанның негізгі ғимараттары мен құрылыстарының жалпы ауданы 24 мың шаршы метр.

Бозжыра шатқалында қонақүй салу жоспары былтыр қарашада белгілі болған. Алайда қоғам наразылық білдірді. Содан кейін құрылыс орнын Бозжыраның "азуларынан" 4 шақырым жерге ауыстыру шешімі жасалды.

Бұған дейін америкалық журналист, деректі жазушы, National Geographic ғылыми қоғамдастығының мүшесі Пол Салопек Маңғыстаудағы Бозжыра шатқалында құрылыс жүргізу қазақ халқына қарсы қылмыс екенін айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная