Бозжыра қорығындағы құрылыс: қонақүй салуға басқа орын таңдалады

Instagram / @discoverearth

Қонақүй құрылысы Бозжыра қорығынан басқа жерге ауыстырылады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қонақүй құрылысы Бозжыра қорығынан басқа жерге ауыстырылады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ғалымдар мен жергілікті қоғам өкілдерінің ұсынысымен қонақүй орны Жабайұшқан қаумалының сыртына ауыстырылатын болды. Инвестор компания өкілдері өз тарапынан жобаны жүзеге асыратын орынды қаумалдан тыс жерден таңдауға дайын екендерін жеткізді", - деп жазды ол. 

Реклама
Реклама

Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, Ақтауда ведомство басшысы Ақтоты Райымқұлова, экология министрі Мағзұм Мырзағалиев, Kazakh Tourism төрағасы Ержан Еркінбаев және Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов ғалымдармен және жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Онда Бозжыра қорығындағы туристік кешен құрылысының жағдайы талқыланды.


Мағзұм Мырзағалиев, Серікбай Трұмов пен Ақтоты Райымқұлова. Фото: Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Kazakh Tourism мәліметтері бойынша Бозжыраға бір жыл ішінде 5 мыңға жуық адам барған.

"Қазірден бастап Бозжыра я болмаса сол сияқты ерекше қорғалатын аймақты қорғау үшін кешенді жұмыс жүргізу керек. Бастысы жолға қойылған туристік бағдар мен инфрақұрылым. Мысалы, белгілі бір сапар орталығына дейін арнайы тас жол, асфальт болуы міндет емес. Сосын тамақтанып, кәдесый сатып алатын сапар орталығы болуы керек. Қазір қарқынды дамып келе жатқан бағыттың бірі селфи-туризм. Яғни, көрікті жерде суретке түсуге қолайлы жағдай жасау. Бұл үшін арнайы алаңқайлар керек. Осыдан кейін велосипед жалға беретін бекеттер. Бұл арқылы біз туристердің қорғалатын аймақта жөнсіз ары-бері жүруін, табиғатқа зиян келтіру мүмкіндігін азайтамыз. Бір сөзбен айтқанда саяхатшының демалысын барынша жоспарлы өткізуге көмектесу керек. Аталған тәжірибені әлемнің көптеген мемлекеті іс жүзінде іске асырып келеді", - деді Ержан Еркінбаев. 

Мәдениет және спорт министрлігі "жабайы" туризмнің жергілікті тұрғындарға да, табиғатты қорғауға да, бизнеске де пайдасы жоқ екенін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар мен табиғат қорғаушылар әлеуметтік желілерде наразылықтарын білдіріп, Бозжыра қорығында қонақүй салуға қарсы болған.

Кейін Президент үкіметке қонақүй салу жобасын қайта қарауды тапсырған. Ол қонақ үй салуға арналған қоғамдық кеңестердің, экологиялық сарапшылардың және мемлекеттік ведомстволардың келісілген пікірін ескере отырып, жаңа жерді таңдау керегін айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная