© instagram/astanovka98 © instagram/astanovka98

Бортсерік ұшақта Нұр-Сұлтан жолаушылары қалдырған қоқысты көрсетті


Әуекомпаниялардың бірінің бортсерігі әлеуметтік желідегі парақшасында Нұр-Сұлтанға қонған ұшақтың бортын түсірген видеосын бөлісті. Видеоны Instagram-дағы astanovka98-парақшасы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода ұшақтың Шарм-эль-Шейхтен (Египет) Нұр-Сұлтан әуежайына келгені айтылады. "Сіздерге жолаушылардан кейін ұшақтың іші қандай болатынын көрсетемін", - дейді қыз.

Кадрда шашылып жатқан қоқыстар, сөмкелер, тамақ қалдықтарын көрсетеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ASTANA / НОВОСТИ / АСТАНА (@astanovka98)

Видео сипаттамасына түрлі пікірлер жазылып, кейбірі тіпті қатты ашуланғанын жасырмаған:

"Видеодан шошқа таситын ауылшаруашылық рейсін көргендеймін".

"Таңғаларлық нәрсе, кинодан кейін кинотеатрлар да осылай шашылып жатады (осылай қоқыстарын жинамайтын адамдарды жазаласа дұрыс болар еді).

"Тәрбие отбасынан басталады! Біз бұл адамдарды кінәлап, айыптай аламыз. Өз балаларымызды басқаша тәрбиелейік. Сонда 10-15 жылдан кейін қоғам басқаша болады".

"Мен осындай адамдардан ұяламын .... шынымен ар -ұждан жоқ па? Өзіңіздің артыңызды тазалаңыз ..."

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!





Осыған ұқсас мақалалар

Шетелде қалып қойған туристердің бәрі 14 қаңтарға дейін Қазақстанға оралады Шетелде қалып қойған туристердің бәрі 14 қаңтарға дейін Қазақстанға оралады
"Эйр Астана" Шри-Ланка, Пхукет, Мале және Гоаға репатриациялық рейстер орындайды "Эйр Астана" Шри-Ланка, Пхукет, Мале және Гоаға репатриациялық рейстер орындайды
Халықаралық әуеқатынас: 35 рейс орындалады, 20-сы кейінге қалады Халықаралық әуеқатынас: 35 рейс орындалады, 20-сы кейінге қалады