Блогер саяхатшыларға арналған қызықты бірнеше лайфхак айтты

АҚШ блогері Саманта Браун саяхаттауға арналған қызықты лайфхактарын бөлісті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Саманта әлеуметтік желіде жариялаған видеосында бір аяқ киімді сейфте қалдыруға кеңес береді.

"Мен қонақүйде әрқашан сейфті қолданамын. Онда төлқұжат, қолма-қол ақша және ноутбук сақтаймын. Ең бастысы - бір аяқ киімді қалдыруды ұмытпаңыз. Маған сеніңіз, сіз барлық несие карталары мен қолма - қол ақшаны, төлқұжат пен ноутбукты ұмыта аласыз, бірақ сіз ешқашан аяқ киіміңізді қалдырмайсыз", - дейді қыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Samantha Brown (@samanthabrowntravels)

Тағы бір видеода Саманта джетлагпен (уақыт белдеуінің өзгеру синдромы) қалай күресетінін айтады. Қыз ұшудан бірнеше күн бұрын кофеден бас тартады және жаңа орынға келген соң таза ауада ұзақ серуендеуге тырысады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Samantha Brown (@samanthabrowntravels)

Тағы бір видеода Саманта демалыстан үйге оралмас бұрын лас заттарды сөмкелерге салуға кеңес береді, оның ішінде жүктің ішінде көбірек орын болуы үшін барлық ауаны сорып алуға болады. Сондай-ақ, заттарды түстерге бөлуге болады, сонда бәрін жуу оңайырақ болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Samantha Brown (@samanthabrowntravels)


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!