Биыл Алакөлге пойызбен барғысы келетіндерге қанша орын ұсынылады?

Алакөлге баратын пойыздардағы жолаушы орындарының саны 2023 жылы жазғы туристік маусымға өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға өседі, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолаушыларға 276 мыңнан аса орын ұсынылады. Алакөл бағытында жолаушылар пойыздары Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 11 бағыт бойынша жүруді жалғастырады. Таяуда алғаш рет "Астана – Достық" бағыты бойынша "Тальго" пойызы іске қосылатыны айтылды.

Қазіргі уақытта "Жолаушылар тасымалы" АҚ әкімдіктермен, әуетасымалдаушылармен және туроператорлармен бірлесіп Шымкент, Павлодар, Өскемен, Қызылорда қалаларынан Алакөлге дейін интермодальдық тасымалдарды (көліктің екі немесе одан да көп түрі) қалыптастыру мүмкіндігін қарастырады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!