Балқаш - тұщы және тұзды судан тұратын ғалашардағы жалғыз көл. Бұл су қоймасының құмды жағажайлары ыстық күні суға түсіп, жүзуге шақыратындай, әрі мұнда балықшылар мен аңшылар көптен күткен олжсын қолға түсіру мүмкіндігі жоғары. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Балқаш өңірі туристерді несімен қызықтыратыны жайлы баяндайды.
Көлеміне қарамастан (ұзындығы шамамен 600 километр), салыстырмалы түрде таяз, орташа тереңдігі алты метрден аспайды, ал жоғары тереңдігі 26 метрге жетеді. Салыстыру үшін Ыстықкөлдің жоғарғы нүктесіндегі тереңдігі 700 метрден асады, Байкал - 1642 метр.
Бірінші дерек - таңғажайып аңыз
Адамдарды ежелден Балқаштың пайда болу тарихы қызықтырады. Ертедегі аңыз бойынша, бұл аймақта Балқаш атты сәуегей-сиқыршы өмір сүрген екен. Оның жар дегенде жалғыз қызы Іле өзіне сай бай да, бақуатты жігітке тұрмысқа шығуы тиіс. Ұлы Қытай императорының ұлдары, айбынды Моңғолияның ханының ұлдары мен Бұхараның бай саудагерлері өз мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысып, бақ сынасуға келді. Олардың сұлу Іле үшін әкелген көптеген сый-сыяпаты жас үміткерлердің шын ниетін көрсетті. Бірақ қалыңдыққа қалтасында соқыр тиыны да жоқ, қарапайым қойшы ұнап қалады.
Сиқыршы Балқаш атаулы күні әлемнің түкпір-түкпірінен қызына ең лайық деген үміткерлерді жинайды. Қаратал қарапайым қойшы баласы болды, ол жарысқа қатысушылардың бірі болды, әрі жеңімпаз болып шықты. Қыздың әкесі ұятқа қалмас үшін жас жігітті қуып жіберген. Бірақ қалыңдық әкесінің өсиетін бұзып, түнде таңдаған жігітімен қашып кетеді. Сиқыршы қашып кеткенін білгенде, ашуға булығып, оларды Іле мен Қаратал атты екі өзенге айналдырады. Тіпті өзендерге қараған кезде, ғашықтар тау бөктерінен бір-біріне ұмтылғадай әсер қалдырады. Балқаш ашуланып, өзі екі өзеннің арасындағы үлкен көлге айналады. Соған қарамастан, ғашықтар Балқаш суына құйылып, бір-бірімен қауышты.
Мұның бәрі әдемі аңыз, әрине, бірақ Балқаш көлі өзінің жұмбағымен таң қалдыруда. Осы уақытқа дейін ғалымдар құрғақ климатты аймақта жартылай тұщы тұйық су қоймасының пайда болуын зерттеуде.
Екінші дерек. Тарихи қалалар мен "ежелгі алып дәулер"
Балқаш өңірі тарихи ескерткіштерге бай. Көлдің оңтүстігінде ежелгі Іле өзенінің атырауындағы ортағасырлық ауыл шаруашылығы өркениетінің ірі қаласы Қарамерген қонысының қалдықтары орналасқан. Ол Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген.
Қарамерген қалашығы. Сурет Qazaqstan3d.kz сайтынан
Елді мекен Ұлы Жібек жолының Балқаш жағында пайда болды. Жергілікті тұрғындар орманда аң аулады, оның ішінде жолбарыстар (олар туралы толығырақ талқыланатын болады) және Іле өзені мен Балқаш көлінің суларында балық аулады. Қала XII-XIII ғасырдың басында гүлденді. Ол моңғол шапқыншылығы кезінде жойылып, өзен арнасының өзгеруі қаланы қалпына келтіру мүмкіндігін азайтты. Биіктігі үш метрге жететін қала қабырғалары біздің уақытқа дейін сақталған.
Қарамергенге жақын жерде, Бақанас ауылынан солтүстікке қарай 120 шақырым жерде сол уақытта болған Ақтам қонысы бар. Болжам бойынша, бұл керуен жолдарының бойындағы қоныстар тізбегінің бөлігі болды. Саман кірпіштен салынған бекіністің қалдықтары осы күнге дейін сақталған.
Ал Балқаштың солтүстік жағында ерекше арал бар. XIX ғасырда Кенесарының атақты жауынгері Ағыбай батырдың иелігінде болды. Ол оны қыстайтын жер ретінде пайдаланды. Мұндағы қыс Орталық Қазақстанның солтүстік аймақтарына қарағанда жұмсақ болады деп есептеледі. Бұл жер ежелден адамдарды қызықтырады; археологтар бұл жерден біздің эрамызға дейінгі V-IV ғасырларға жататын 13 сақ қорғандарының қалдықтарын тапты.
Ал 2014 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында "ежелгі алыптар" туралы қызықты оқиға жарияланды. Жергілікті тұрғын бір кездері қазіргі Балқаш пен Бектау ата алқабында 18 метр биіктікке дейін жететін алыптар өмір сүргенін айтты. Көлдер мен тау жоталарының беткейлерін зерттей келе, ол адам іздері деп атаған ондаған "алып іздерді" тапты.
Алайда, оның болжамы кәсіби геологтар атап өткендей, шындыққа жанаспайды. Болжам бойынша, "іздердің" пайда болуы эрозиямен байланысты: су мен ауаның әсерінен әлсіз материалдар шайылып, жойылады, нәтижесінде тастарда ойықтар пайда болады.
"Мен ойладым: егер бұл ойын болмаса, тағы бір із болуы қажет деп... Мен аңшы ретінде алдымен ізді өлшеп көрдім. Ол менің 43-і көлемдегі аяғыммен жетеу болды. Екі метрге жуық. Мен екінші ізді табам деп ойламадым. Бірақ алдыға қарай баяу аяңдадым. Сол мезетте екінші ізге көзім түсті. Ол бірінші із сияқты, көлемді, анық болды. Мен үшінші із де болуы мүмкін деп, іздеуге кірістім. Үшінші ізді жартастың шетінен кезіктірдім. Бұл бейне бір алып дәудің жүгіріп келіп, суға қарғығаны ма дерсіз. Менің таңданысымда шек болмады!", - дейді Вячеслав Плохов.
Сурет NV.kz сайтынан
Үшінші дерек. Су қайда ағып кетеді?
Балқаштың тағы бір ерекшелігі - оған бес ірі өзен құяды, бірақ ешқайсысы ағып шықпайды. Ең ірі Іле өзені жалпы ағыстың 80 пайызын құрайды. Ол Тянь-Шань мұздықтарынан басталады және көлге барар жолда биіктігі алты мың метрлік қашықтықты еңсереді. Салыстыру үшін Еділдегі биіктік айырмашылығы 250 метрден аспайды.
Төртінші дерек. Көлдің ерекшелігі
Ұзын-Арал бұғазы Балқашты екіге бөледі: көлдің батыс бөлігі тұщы суға толы, шығысы тұзды, көлемі кіші және әлдеқайда терең. Батыс жағы тыныш және кішірек. Судың екі түрлі аймақтағы химиялық құрамы айтарлықтай ерекшеленеді. Су қоймасының бір-біріне ұқсамайтын бөліктері Балқаш көлін ерекше етеді. Мұндай көл әлемде жоқ.
Автор: Lake_Balkhash_satellite.jpg: NASA, MODIS - Lake_Balkhash_satellite.jpg, https://commons.wikimedia.org/w/index.php?curid=5801199
Балқаш көлі мен оның айналасы, ғарыштан көрініс. Сандар ірі түбектерді, аралдар мен шығанақтарды көрсетеді: 1. Көлді екіге бөлетін Сарыесік түбегі мен Ұзынарал бұғазы. 2. Байғабыл түбегі. 3. Балай түбегі. 4. Шауқар түбегі. 5. Кеңтүбек түбегі. 6. Базарал және Ортаарал аралдары. 7. Тасарал аралы. 8. Шемпек шығанағы. 9. Сарышаған шығанағы.
Бесінші дерек - экстремалды температура
Мұндағы жыл мезгілдері бір-бірін тез ауыстырады. Қар ерігеннен кейін дала бірден жасыл шалғынға оранады. Көп ұзамай аптап ыстық күн пейзажды мүлдем өзгертеді, ал шалғындар жартылай шөлге айналады, онда күндізгі температура +45 градусқа дейін немесе одан да жоғары болады.
Қазан айында ауа райы қайтадан күрт өзгереді, судың бетін мұз жауып, оның қалыңдығы бір метрге жетуі мүмкін, ал температура -15 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Қыс мезгілінде ауа температурасы -20 градусқа дейін төмендейді.
Алтыншы дерек – суының пайдасы
Көлдің тұзы мен балшығының ерекше қасиеттері бар, оларды су қоймасына жақын бұлақтардан табуға болады. Балқаштың минералдарға бай күкіртті сутегі балшықтары емдік қасиетке ие. Құрамы теңізге ұқсас таза суға шомылу және күн денсаулықты жақсартуға көмектеседі.
Жетінші дерек – қасиетті жер
Әулие ата үңгірі - Балқаш өңіріндегі Бектау ата тау жүйесінде орналасқан ескерткіштердің бірі. Балқаш қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 70 шақырым жерде құпияға толы тәуеп етушілер жиі келетін жерлер бар. Ешқашан атқыламаған жанартаудың пайда болуы кезінде тау жыныстарының еруіне байланысты ерекше тау жынысы пайда болды.
Аңыз бойынша, емдік бұлақ балалы болғысы келетін әйелдерге көмектеседі. Бектау-Атада үңгірлердегі сулар ғана емдік емес, сонымен қатар, жабайы раушан, шалғын, долана, ырғай, қарақаттың иісіне қаныққан ауаның өзі де шипа. Өкінішке орай, үңгір ішіне граффити салынып тасталған.
Сегізінші дерек – керемет балық аулау мен аңшылық
Мұнда балықтың 20-ға жуық түрі бар. Балқаш алабұғасы ең ірі түр ретінде танылды. Мұнда мақсатты балық өсіру өткен ғасырдың 30-жылдарының басында басталды. Көл суында мөңке, сазан (3,8-4,8 келі), қарақұйрық, жыланбалық(3,2 келі), сом (5-14 келі), шортан алабұға, қарақұйрық бар.
Көлдің айналасы аңшылар арасында да танымал (жолдаманы алдын ала сатып алу керек). Олар үйрек, қаз, қырғауыл, қоян, түлкі, қасқыр аулайды. Аң аулау маусымы әдетте қыркүйектің ортасынан бастап ашылады, бұл кезде көлде көптеген су құстары мекендейді.
Тоғызыншы дерек –жолбарыстар мекені
Бірнеше жыл бұрын ресейлік ғалымдар Іле өзені мен Балқаш көлінің бойындағы аумақты бұрын осы жерлерде өмір сүрген сирек кездесетін түр - тұран жолбарысының популяциясын қалпына келтіру үшін қолайлы деп таныды. Сондықтан көп ұзамай бұл жолақты жыртқыштар Балқаш өңірінде қайтадан пайда болуы мүмкін. Кейбір мәліметтер бойынша, соңғы жолбарыс мұнда 1948 жылы атылған.
Қайда орналасуға болады:
Ұйымдастырылған демалысты ұнататындарға Балқаш қаласында (солтүстік жағалауда), Приозерск (батыс жағалауда), Шұбар-Түбек және Торанғалық ауылдарында жайлы демалыс орталықтарында қалуға болады даже (екі қала да солтүстік жағалауда орналасқан). Туристер Алматыдан, Нұр-Сұлтаннан, Қарағандыдан, Солтүстік Қазақстаннан, тіпті Ресейден де келеді.
Қалай жетуге болады:
Балқаш Қазақстанның шығысында, Қарағандыдан 400 шақырым жерде орналасқан. Бұл жерге жетудің ең ыңғайлы жолы - Нұр-Сұлтан мен Қарағанды. Автобустар мен пойыздар бұл қалалардан Балқаш станциясына тікелей қатынайды. Содан кейін қалаған пансионатқа такси немесе жеке көлікпен жетуге болады. Саяхат шамамен 9 сағатты құрайды.
Сіз көлге Алматыдан немесе Нұр-Сұлтаннан пойызбен жете аласыз, Лепсі станциясына барасыз, содан кейін таксимен немесе микроавтобуспен - Балқаш көлінің өзіне барасыз. Алматыдан туристер оңтүстік жағалауға келеді, Нұр-Сұлтан мен Қарағандыдан жол көлдің солтүстік жағалауына апарады.
Ұшақпен Балқаш қаласына бару уақыты Алматыдан тікелей 1 сағат 20 минутты алады, Нұр-Сұлтаннан да рейстер бар, сапар уақыты 90 минутты құрайды.
Саяхаттау - ол да бір жауапкершілік екенін Авиата еске салады. Кейінгі ұрпақтың салауатты өмірі үшін және қайтар жолымыздың тазалығы үшін табиғатты барынша аялайық.
Табиғаттың ертең қандай болары біздің қолымызда. Бастаманы қолдау үшін өзіңіздің "саналы" саяхаттарыңыздан #jasylbolsyn Авиата хэштегімен фотосуреттер мен бейне-видеоларды жүктеуге болады.