Байқоңырға туристер үшін кіруді жеңілдету ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото @Shutterstock Фото @Shutterstock

"Байқоңыр" ғарыш айлағында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен "Роскосмостың" бас директоры Юрий Борисовтың кездесуі өтті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағдат Мусин Роскосмос басшысымен "Байқоңыр" ғарыш кешенінде туризмді дамыту мәселесін талқылап, туристер үшін онлайн жүйе арқылы өткізу рәсімін жеңілдетуді ұсынды.

"Онлайн-өткізу жүйесін цифрлық форматта қолдану "Байқоңыр" ғарыш кешенінде туризмді дамытуға ықпал етеді", - деп атап өтті Бағдат Мусин.

Еске салайық, "Байқоңыр" ғарыш айлағы туристер үшін ұйымдастырылған топтармен өткен жылдың сәуірінде ашылған болатын.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel