Баянауылда зейнеткер биіктен құлап кетті

Баянауыл тауларында 65 жастағы зардап шеккен ер адамды демалушылар тауып алған. Алған жарақатынан ол есінен танып қалған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Жасыбай демалыс аймағында болған. ТЖД пультіне ер адамның аяғын сындырып алғаны және өздігінен түсе алмайтыны хабарланды. Оқиға орнына альпинистік жабдықтары бар бес құтқарушы және кинолог аттанды.

"Құтқарушылар таулардан ер адамды іздеп тапқан кезде, ол ес-түссіз болды. Ол таудан, биіктіктен құлағаны анықталды. Оны байқап қалған демалушылар, дереу құтқарушыларға хабарлаған. Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері СОБР қызметкерлерімен, Павлодар облысы ПДҚ учаскелік инспекторларымен бірлесіп, зардап шегушіні жерден 200 метр биіктіктен қөтеретін арнайы зембілдерді пайдаланып жерге түсіріп, жедел жәрдем қызметтеріне тапсырды", - деді ведомство баспасөз қызметінің өкілдері.

Зардап шеккен ер адам - Павлодар облысы Қызылжар ауылының тұрғыны. Тауда ол өзі жалғыз жүрген.

"Ер адамның жабық ми жарақаты, мидың шайқалуы, желке тұсы жараланған, іштің жарақатын және қолы мен аяғы сырылған. Оның аяғы сынған жоқ. Жалпы жай-күйі мен ауырсыну синдромының нашарлауына байланысты шұғыл түрде Баянауыл аудандық ауруханасының хирургия бөлімшесіне жатқызылды. Орташа ауырлықтағы жағдай", - деп түсіндірді аймақтың денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Суреттер Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінен

Дәрігерлердің айтуынша, биыл бұл Баянауыл тауларында адамдардың құлауының екінші жағдайы. Мамырда тағы бір демалушы зардап шекті. Аяғы сынған ер адам Ақбет тауының етегінен табылды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!